Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

COVID-19: Тағы да өзбек жүргізушілері індет жұқтырды

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Олардың екеуі де халықаралық жүк тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілері, Өзбекстан Республикасының азаматы.

COVID-19: Тағы да өзбек жүргізушілері індет жұқтырды

«Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте біздің эпидемиолог мамандар қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың бірінен дене қызуы көтерілгенін анықтаған. Сөйтіп, іс-әрекет алгоритміне сай олар оқшауланып, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус жұқпасына талдау жасалды. Диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокстарға орналастырылды» делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәлімдемеде.

Қазір науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалы дезинфекция орталығы мамандары дезинфекциялық жұмыстар жүргізді.

Айта кетейік, кеше ғана дәл осы шекара бекетінде дәл осындай жағдай болып, екі өзбек жүргізушісі ауруханаға жатқызылған болатын. Сонымен, Батыс Қазақстан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны 6-ға жетті. Олардың бәрі  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ем алуда.

 

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50