Технология • 10 Сәуір, 2020

HUAWEI CLOUD: COVID-19 - технология арқылы күрес

2501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында HUAWEI CLOUD бүкіл әлемдегі тұтынушыларына бұлтты және AI (жасанды интеллект) қызметтерін қолдану арқылы COVID-19-бен күресуге ықпал ететін  ғаламдық іс-қимыл жоспарын іске қосқаны туралы хабарлады.

HUAWEI CLOUD: COVID-19 - технология арқылы күрес

HUAWEI CLOUD коронавирусқа қарсы халықаралық іс-қимыл жоспарының бөлігі ретінде ақысыз жасанды интеллект және бұлтты қызметтерді ұсынып отыр. Осы орайда компания пандемиямен күресуге әлемдік серіктестерінің назарын аударып отыр.

HUAWEI CLOUD Global Market президенті Дэн Тао «HUAWEI CLOUD пандемиямен күресу үшін бұлтты және жасанды интеллект сияқты инновациялық технологияларды пайдалану арқылы Қытайдағы серіктестермен жұмыс жасау үстінде. Компания аталмыш жұмыс барысында жасанды интеллект көмегімен компьютерлік томография тарауын талдауда, дәрі-дәрмектерді табуда, онлайн білім беру және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануда практикалық тәжірибе жинақтады. Енді халықаралық тәжірибе алмасу үшін осы іс-қимыл жоспарын іске қосудамыз. Біз бүкіл әлемдегі тұтынушыларымызға дағдарыс барысындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуге технологиялық мүмкіндіктер ұсынып отырмыз» деп атап өтті.

HUAWEI CLOUD денсаулық сақтау саласында EIHealth-ты тегін негізде ұсынады. Оған вирустық геномды анықтау, силиконды скринингтегі вирусқа қарсы препарат және науқастарды жасанды интеллект негізінде компьютерлі томографиялық скрининг қызметтері кіреді.

HUAWEI CLOUD білім беру саласында серіктестермен бірге мектептер мен басқа да білім беру мекемелеріне онлайн режимінде білім беру қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ, компания пандемия барысында кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың бұлттық сервистегі қызметіне көмектеседі.

Қазіргі таңда HUAWEI CLOUD жаңадан тіркелген әрбір пайдаланушы үшін 1500 сағатқа дейін бұлтты ресурстарын тегін ұсынады. Бұл ұсыныс сондай-ақ HUAWEI CLOUD (халықаралық) веб-сайтындағы тәулік бойы кәсіби қолдауға ие.

HUAWEI CLOUD сонымен қатар, қашықтағы кеңсе, жасанды интеллектпен қолдау, кәсіпорынға көмек, ақылды денсаулық сақтау және онлайн-білім сияқты бес негізгі сценарийге бағытталған COVID-19ға қарсы Серіктестік бағдарламасын шығарды. Бұл бағдарламаға қатысатын серіктестер жан-жақты іскерлік, технологиялық және нарықтық қолдаумен қатар 30 000 АҚШ долларына дейінгі ақысыз бұлтты ресурстар мүмкіндігіне ие.

COVID-19-бен күресудің жаһандық жоспарына қосылу үшін antivirus1@huawei.com мекен-жайы бойынша хабарласуға болады