05 Қыркүйек, 2013

Джон Бейнер Ресей делегациясымен кездесуден бас тартты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amerika kongressАҚШ конгресс өкілдері палатасының спикері Джон Бейнер Ресей парламенті делегациясымен кездесу жөніндегі ұсыныстан бас тартты. Бұл туралы CNN телеарнасының ақпарына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

Ресей Федерациясы Кеңесінің мүшелері бұдан бұрын АҚШ сенаторларына Сириядағы жағдайды бірлесіп талқылауға ұсыныс білдірген болатын. Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиненконың АҚШ демократиялық партиясының көшбасшысы, сенатор Гарри Ридке жіберген жолдауында Сириядағы жағдайды қалпына келтіру үшін барлық дипломатиялық жолдар қарастырылмағаны ескертілген. В.Матвиненко Сириядағы жағдай ауқымды аймақтық апатқа айналмауы үшін қолдан келетін барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар