Әлем • 10 Сәуір, 2020

COVID-19: Саудия мен Йемен соғысты тоқтатты

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы бес жыл бойы бір-біріне оқ жаудырып, қақтығысудан қажымаған Сауд Арабиясы мен Йемен кеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерриштің айтқанына көніп, соғысты тоқтатты.

COVID-19: Саудия мен Йемен соғысты тоқтатты

Бірақ екі ел арасындағы бұл келісім әзірге уақыттық сипатта, ең бастысы жұрттың берекесін алған коронавирусты тізгіндеуге қолайлы, деді халықаралық бейбітшілік ұйымының өкілі полковник Түрки әл-Мәйки.

Иран елінің қолдауымен құрылған Саудия және Араб Әмірлігінің біріккен қарулы күші Йемендегі Хұт бүлікшілерін талқандау үшін жүргізілген бұл соғыс бейбіт тұрғындардың орасан зор зардап шегуіне соқтырып, әсіресе йемендіктерді ашық пен дерт жайлай бастағаны халықаралық ұйымдардың ара түсуіне әкелді.

БҰҰ-ның ерекше елшісі  Мартин Гриффитс: «Сауд Арабиясы соғысты тоқтату туралы ұсынысқа түсіністікпен қарап, беделді ұйымның тілегін жерге тастамағанына рахмет айтамыз» десе, Хұт көтерілісшілерінің өкілі Мухаммед Абдель Салам да бейбітшілік бізге де аудай қажет дегенді мәлімдеп, алдағы уақытты соғыс отын өшіріп, тыныштық сақтауды құп көретінін жеткізіпті.