Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Түркістан: Полиция қызметкеріне бағынбаған тұрғын қамауға алынды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блок - бекетте өз мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкерінің талабына бағынбаған жергілікті тұрғын күш көрсеткен. Тұрғынды мұншама «батыл» еткен ішімдіктің буы екен.

Түркістан: Полиция қызметкеріне бағынбаған тұрғын қамауға алынды

«Ол полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтыны туралы ескертуіне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбай, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған», деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тұрғын қамауға алынған.

Ал Арыс қаласындағы орталық базарда көкөніс өнімдерін сатқан сатушы үш тәулікке қамалды. Яғни төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзған сатушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша хаттама толтырылып, жазаға тартылды.

 

Түркістан облысы