05 Қыркүйек, 2013

«Шахтер» Еуропа лигасына қатысатын футболшыларды анықтады

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтер

Қарағандының «Шахтер» футбол клубы өзінің Еуропа лигасына қатысатын 25 футболшысын анықтап, тапсырыс берді. Бұл туралы Vesti.kzхабарлады.

Команданың бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков бұл тізімге мына ойыншыларды енгізді:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Валерий Фомичев, Сергей Ткачук және Александр Мокин;

Қорғаушылар: Никола Васильевич, Асхат Борантаев, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Михаил Габышев, Сергей Малый, Бақыт Әбуов және Александар Симчевич;

Жартылай қорғаушылар: Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Аслан Дарабаев, Геворг Казарян және Рохер Каньяс;

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко, Роман Муртазаев, Станислав Лунин, Игорь Зенькович және Сергей Хижниченко.

Еске сала кетейік, «Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші матчын қыркүйектің 19-ы күні түнде Грекияда жергілікті ПАОК-пен өткізеді. Ойын Астана уақытымен 01:05-те басталады. Бұл матчқа көрермендер қатыса алмайды. Себебі, аталмыш команданың стадионы сондай жазаға тартылған.

Қарағандылықтар келесі ойыны 3 қазан күні Астанадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар