Президент • 10 Сәуір, 2020

Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер карантиндік қалаларға үздіксіз кіруі тиіс

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер карантиндік қалаларға үздіксіз кіруі тиіс

«Көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аудару керек. Елдің оңтүстігінде қазірдің өзінде егін егу жұмыстары жүргізілуде (30% аяқталды). Басқа аймақтарда көктемгі дала жұмыстары бір ай ішінде басталуы тиіс. Фермерлер айналым қаражатымен, пестицидтер мен тыңайтқыштармен, сапалы тұқымдар мен жанар-жағармаймен қамтылуы керек. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есе артып, 170 млрд теңгеге жетті» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол дер кезінде шешілуі тиіс проблемалардың туындайтынын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығының азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің карантиндік қалаларға үздіксіз кіруін қамтамасыз ету керек. Оларға жедел түрде «жасыл» аумақтар арқылы өткізу құжаты берілуі тиіс. Бұл көктемгі дала жұмыстарын бастайтын фермерлерге де қатысты мәселе» деді Президент.