«Су тасқыны кезеңін тұрақты бақылауда ұстаған жөн. Әсіресе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай қауіп бар. Әкімдер тиісті министрліктермен бірлесіп, ұдайы мониторинг жүргізуді және жедел әрекет етуді ұйымдастыруы тиіс»,- деді ел Президенті.
Бүгін Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды ай соңына дейін созу туралы шешімін жариялады.