06 Қыркүйек, 2013

Енді еліміз елулікте!

242 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасымыз алға қойған стратегиялық мақсат жүзеге асты

Газетіміздің осының алдындағы нөмірінде хабарлағанымыздай, Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі биылғы жылғы бағалауы бойынша әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына кіріп отыр. Бұл – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан біраз жыл бұрынғы алға қойған стратегиялық мақсатының жүзеге асқандығын білдіретін ел тарихындағы аса елеулі оқиғалардың бірі. Мұндайда атам қазақ сүйіншілеп, жан-жаққа жар салатын. Алыстағы ағайын-туысқандардың бәріне ат шаптыртып, қуанышын жария ететін. Ендеше, еліміздің бас газеті ретінде «Егемен Қазақстанның» 200 мыңнан астам оқырмандарына біз де осы жағымды жаңалықты кең көлемде жеткізуді жөн көріп отырмыз.

Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның аталған рейтингіне бірнеше жылдардан бері қатысып келеді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын біздің ел осы рейтинг бойынша 67-ші орында тұрған болатын. Демек, бес жылдың ішінде 17 сатыға көтерілген екенбіз. Бұл – үлкен жетістік. Егер сол кездегі бізбен көршілес, одақтас елдердің сол кездегі жағдайына назар аударатын болсақ, осыдан бес жыл бұрын Ресей – 63-ші орынды, Әзербайжан – 51-ші орынды, Литва – 53-ші орынды, Түркия – 61-ші орынды, Латвия – 68-ші орынды, Украина – 82-ші орынды, Грузия – 90-шы орынды, Тәжікстан – 122-ші орынды, Қырғызстан 123-ші орынды еншілеген болып шығады. Ал енді осы елдердің қазіргі жағдайына келетін болсақ, Ресей бес жылдың ішінде бір саты төмен сырғып, енді 64-ші орынмен қанағаттанған. Әзербайжан 39-шы орынға көтерілген. Түркия 44-ші орынға табан тіреген. Эстония мен Латвия да алға басқан. Украина екі орынға төмен сырғыған. Қырғызстан 121-ші орынды қанағат тұтқан. Грузия 72-ші орында.

Тізімдегі осы жағдайлар Қазақстанның орнықты даму үстінде екендігін білдіреді.

Осыдан бес жыл бұрынғыдай жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі жаңа тізімді Швейцария бастап келеді.

Ал өткен жылдың нәтижесіне назар аударсақ, Қазақстан онда 51-ші орынға ие болып, біз мақсат еткен елуліктің табалдырығына табан тіреген болатын. Енді міне, елуліктің ішіне ендік. Мұнымен де тоқталып қалмасымыз анық. Өйткені, Елбасымыз Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық мақсатын айқындай отырып, енді 30 елдің қатарына кіру талабын алға қойып отыр. Демек, келешек көкжиегіндегі алға қойған мақсатымыз қазіргіден әлдеқайда биік.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаңа рейтингін жасаушы сарапшы мамандар оған қатысқан 148 елдің ішінде алға басқандарды атап көрсеткен. Солардың қатарында біздің Қазақстан да бар. Сонымен қатар, аса ірі елдердің жағдайына тоқтала кеткен. Осындай елдердің қатарындағы Қытай 29-орынды еншілесе, Бразилияның 56-орынға табан тірегендігін, Үндістанның 60-орынмен қанағаттанғандығын, Ресейдің осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткішінен 3 саты алға басып, 64-орынға қол жеткізгендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Ресейдің алдына Эстония мен Литваның, Әзербайжан мен Қазақстанның шығып кеткендігін мәлімдеген.

Қазақстанның әлемді кернеген дағдарысқа қарамастан жыл өткен сайын жүйелі түрде алға басып келе жатқандығын қазіргі күні әлемнің әр шалғайындағы халықаралық сарапшылар назарға алып, атап көрсетуде. Олардың бірқатары біздің елімізде өтіп жатқан халықаралық форумдарға қатысқан кезде ел жетістігін өз көздерімен көріп, соған деген сүйс

Соңғы жаңалықтар