Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай тәртібі бәріне ортақ

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өршіп бара жатқан инфекцияның таралуын тежеу үшін қабылданған облыстың бас санитарлық дәрігердің №7 қаулысына сәйкес осыған дейінгі шектеу шаралары қатаңдана түсті. Бірақ талапқа көнгісі келмейтіндер әр жерден бой көрсетіп қалады.

Төтенше жағдай тәртібі бәріне ортақ

Төтенше жағдай басталғалы бері тыным көрмеген полицейлер аз уақыт ішінде өңір бойынша 28 азаматтың тосқауыл бекеттерін  айналып өткендігін анықтады. Карантин кезінде, ұжымдық, отбасылық жиындарға тыйым салынса да жұрттан жасырып той өткізгендер де табылып отыр. Облыс тұрғындары кешкі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін үйлерінен шықпауы тиіс деген талапты 19 тұрғын бұзған.  

Түнгі рейдтер барысында облыс бойынша 425 дәмхана, мейрамхана тексеріліп, төтенше жағдай режімін бұзған 228 факті анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Сот шешімімен 87 адамға айыппұл салынып, кейбірі әкімшілік қамаққа алынды.