Тәжірибе көрсеткендей, төрт қабырғаға еріксіз «өзін-өзі қамау», адамдардың өз қалаулары бойынша татуласуына ықпал етпейді. Уақыт өз дегеніне көндіреді. Адамдардың мәжбүрлі түрде өзін-өзі оқшаулауы әдеттегі өмір салты мен ырғағының бұзылуына, достарымен уақыт өткізу мүмкіндігінің болмауына, серуенге шығуға мүмкіндік бермеуіне әкеп соқты. Бұл кейбір тұрғындардың ашу-ызассын туғызып, оларды ТЖ режимін бұзуға, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейді. Уәкілетті органдар осындай бұзушылықтардың жолын кеседі, ал тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады. Әрине, мұндай шаралардың себебі бар, өйткені вирустың таралмауына, қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.
Ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап республика соттарына ТЖ режимін бұзуға байланысты 3145 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түсті, оның ішінде 3119 іс қаралды, 63 іс тоқтатылды. Осы істердің басым бөлігі ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша қаралды. Өңірлер бойынша мұндай істердің ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары соттарында қаралды.
Тағайындалған жаза түрлері бойынша ең көп айыппұл – 1875 (5-тен 10 АЕК-ке дейін), 1077 (10 тәулікке дейін) және 104 ескерту тағайындалды.
Салыстырмалы түрде басқа елдердің заңнамасына сәйкес қолданылатын осындай шараларды мысалға келтірейік:
Францияда карантиндік шараларды бір жолғы бұзу 135 еуро, ал 15 күн ішінде қайталануы 1500 еуро айыппұл салуға әкеп соғады. Егер адам бір ай ішінде карантинді 4 және одан да көп рет бұзса, оған 6 айға түрмеге қамау және 3500 еуро айыппұл салынады.
Италияда айыппұл 400-ден 3000 еуроға дейін, түрмеге қамау мерзімі 3 айға дейін.
Қытайда міндетті карантинді бұзғаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Сингапурда өзін-өзі оқшаулауды алғаш рет бұзғаны үшін айыппұл 10 мың сингапур долларын құрайды. Ал бізге көрші Ресейде карантинді бұзғаны үшін жеке тұлға 15 – тен 40 мың рубльге дейін, заңды тұлғалар 200-ден 500 мың рубльге дейін айыппұл төлейді.
Соңғы күндері құқық бұзушылар мен жекелеген адамдар тарапынан осындай істер бойынша жазаны жеңілдету қажет деген пікірлер бастады, тіпті соттардың қамауьтуралы шығарған қаулыларының күшін жою талаптары да бар.
Соттар сот төрелігін интернетте, Instagram немесе Facebook желілерінде емес, заңда белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады. ӘҚБтК-нің 23-бабында белгіленген процестік шешімдерді даулау және процестік әрекеттерге шағым жасау еркіндігі қағидаты сот қаулысына және процестік нормаларға сәйкес шағым жасауға мүмкіндік береді. Осындай қаулыларға шағымдар түскенде немесе прокурордың өтінішхаттары болған жағдайда ғана жоғары сатыдағы соттар бірінші сатыдағы соттар шығарған қаулыларды қайта қарау құқығына ие болады.
Егер апелляциялық немесе кассациялық сатылар төменгі соттың шешімді заңсыз қабылдаған жағдайда, мұндай сот қаулыларының, сөзсіз, күші жойылады немесе өзгертіледі. Мұндай жұмыс апелляциялық соттар мен Жоғарғы Сот қызметінің мәнін білдіреді әрі оларды күнделікті, үздіксіз жүзеге асырады.
Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде республика соттары азаматтарды татуласуға, дауларды шешудің өзге де, соттан тыс тәсілдеріне ерікті түрде жүгінуге шақырады.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот сайтында жарияланды.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше