Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесуі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесуі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Кездесу аясында Ұйым шеңберіндегі сыртқы саяси үйлестіруге қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық жағдайдың негізгі даму үрдістері мен Ұйымның жауапкершілік шеңберіне кіретін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқыға салды.
Өз кезегінде Н.Бордюжа Е.Ыдырысовты 23 қыркүйек күні Сочиде өтетін Сыртқы істер министрлерінің, Қорғаныс министрлерінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселелерімен таныстырды.
Қыркүйек кездесуінің негізгі тақырыбы Ұйым аясындағы әскери және саяси ынтымақтастықты тереңдету, заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын қарастыру болмақ.