Технология • 11 Сәуір, 2020

Apple және Google компаниялары бірлесіп Covid-19-ды бақылайтын технология жасамақ

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақылды смартфон өндірумен аты мәлім Apple, Google компаниялары коронавирустың жайылу жолын бақылай аталтын жаңа технологияны жолға қоймақшы.

Apple және Google компаниялары бірлесіп Covid-19-ды бақылайтын технология жасамақ

Олар қалта телефонның Bluetooth сигналын пайдаланып, қажет адамның жүрген жерін, кімдермен қатынасқанын анықтай отырып, Covid-19 дерті бар адамға ұшырасқан жағдайда смартфон дереу «қаш» деген белгі береді. Бұл әдіс GPS жүйесін пайдаланбайтындықтан жеке тұлға жайлы мәлімет сыртқа тарамайды.

«Біз жасап жатқан жаңа технология ең әуелі жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған» деген мәлімдеме таратып жатыр компания өкілдері.

Тіпті Ақүйде өткен конференция кезінде АҚШ басшысы Дональд Трамп: «Бұл құптауға тұрарлық шешім екен. Десе де жеке тұлғаның қауіпсіздігін қорғаудың жолы қандай? Осы мәселеледе ойлану қажет» дегенді айтты.

Apple болса iOS жүйесінің негізін салушы, Google жұмысы андроид жүйесіне негізделгендіктен, бұлар біріксе алынбайтын қамал болмауы тиіс. Қазірдің өзінде мұндай тәсілді Сингапур, Израйль, Оңтүстік Корея, Польша т.б.мемлекеттер смартфонды пайдаланып, індеттің алдын алу тәсілін тар шеңберде қолдана бастады.