Әлем • 11 Сәуір, 2020

Өзбекстан дәрігерлері коронавирусты жаңа әдіспен емдейтін болады

2462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтер бойынша Өзбекстанда ауыр халде жатқандардың саны – 14. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу үшін Өзбекстан таяу күндерде жаңа әдістерді қолдануға шешім қабылдап отыр.

Өзбекстан дәрігерлері коронавирусты жаңа әдіспен емдейтін болады

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, емделіп шыққандардың қан сарысуын пайдалану вирусқа шалдыққандарды жылдам емдеуге мүмкіндік береді. Тәжірибелі ғалымдар мен дәрігерлердің келісімімен жүзеге асатын әдіс бойынша ауыр халдегі науқастарға қан сарысуы құйылатын болады. Мамандар COVID-19 шалдығып, емделіп шыққандардың қан сарысуында вирусты жоятын антиденелер бар деген шешімге келіп отыр. Мұндай қадамға бармастан бұрын дәрігерлер емделіп шыққандарды толықтай медициналық тексреуден өткізіп, инфекцияның бірнеше түріне тексеретін болады. Емделіп шыққандар үшін қан сарысуын тапсырудың еш зияны жоқ. Ал оны науқастарға пайдалану тек дәрігердің қатаң бақылауы арқылы ғана жүзеге асатын болады.