Атырау облысының әкімдігі құқық қорғау органдарына қолдау көрсетуін жалғастыруда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың мәлім еткеніндей, жыл басынан бері жергілікті қазынадан бөлінген қаржыға 160 көлік сатып алынған. Облыстық ішкі істер департаментіне 140 көлік тарту етіліпті. Ал, Конституция күні мерекесі қарсаңында облыстық прокуратура мен облыстық сот ұжымдары да жергілікті биліктің қолдауын сезінді.
Бұл жолы заңдылықтардың сақталуын қадағалаушы орган мен сот үкімін шығарушылардың әрқайсысына 10 автокөліктен сыйға берілді. «Бұл көліктің барлығы өз еліміздегі зауытта шығарылған», деп мәлім етті әкімнің бірінші орынбасары Ғ.Дүйсембаев.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.