Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Кәсіпкердің дәрігерлерге көмегі

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық кәсіпкер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерді өзінің қонақүйіне орналастырды.  Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.

Кәсіпкердің дәрігерлерге көмегі

"Мұнда дәрігерлерге және орта, кіші буын мамандарына қолайлы жағдай жасалған. Олар жатын орыннан бөлек қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен осы қонақ үйге жеткізіледі",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам дәрігер орналастырылған. Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Бұл мамандар тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.