Қаржы • 12 Сәуір, 2020

42 500 теңгені алуға берген өтінішті қалай тексеруге болады?

36905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин Instagram парақшасында өтінішті 42500.enbek.kz сайты арқылы тексеруге болатындығын хабарлады.

42 500 теңгені алуға берген өтінішті қалай тексеруге болады?

Соңғы кезде әлеуметтік жәрдемақыны алуға байланысты қазақстандықтардың карантин кезінде ұзын-сонар кезекке тұрып, әбігерге түскені белгілі. Ендігі кезекте цифрлық жүйелер арқылы өтініш беру, өтінішті тексеру мәселесі біршама жеңілдеп қалған сияқты. Енді тиісті сайтқа өтініш беріп, оған жауап ала алмай жүрген азаматтар төмендегі тәртіп бойынша мәліметтерді тексере алатын болады.

Өтініш берген кез келген азамат 42500.enbek.kz сайтына өтіп, «Өтінім статусын тесеру» қажет. Ол үшін ЖСН және жеке куәлік нөмірі енгізіледі. Одан кейін «Мен робот емеспін» түймесін басу қажет. Ары қарай жүйе тексеру әрекетін жүзеге асырады. Бір смартфоннан үш өтінішке дейін беруге болады.