Аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен уақ мал құрбандыққа шалынып, тұрғындарға үлестірілді. Бұдан бөлек, аудандағы мешіт жамағаты да 2 ірі қара мал еті мен 21 қап ұн, 500 дана бетпердені 42 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға таратып берді. "Аудандық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігі мен бірлестік жанынан құрылған «Қажы аналар» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Темірлан аббаттандыру» МКК-ның 32 қызметкеріне азық-түлік пакеттері берілді.
Ал Мақтаарал ауданы Атакент кентінің тұрғыны, "Пионер грайн продукт" ЖШС-ның Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарындағы өкілі, жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов 700 қап ұнды мұқтаж жандарға тегін тарату үшін аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан дайындалған қоймаға табыстады. Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын ұн Мақтаарал ауданындағы 2 кент пен 9 ауылдық округтегі аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға берілетін болады.
Түркістан облысы