06 Қыркүйек, 2013

«БО-НА»-ның болашағы зор

425 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Облыс орталығында «Павло­дар» арнайы экономикалық аймағы аумағында өндіріс орындары ашылып, жаңа зауыттар іске қосылуда. Өндірісті өңірде еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) құру еліміздегі химия-технология кластерін дамытуға бағытталған жоба. Орталық «Каустик» АҚ-та ор­наласқан, бизнеспен айна­лыс­қысы келетін­дер үшін өте қолайлы.

Облыс орталығында «Павло­дар» арнайы экономикалық аймағы аумағында өндіріс орындары ашылып, жаңа зауыттар іске қосылуда. Өндірісті өңірде еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) құру еліміздегі химия-технология кластерін дамытуға бағытталған жоба. Орталық «Каустик» АҚ-та ор­наласқан, бизнеспен айна­лыс­қысы келетін­дер үшін өте қолайлы.

Жалпы, химия өндірісі өңір үшін жақсы таныс. Кеңес өкіметі тұсында облыс орталығында Батыс Сі­бір, Орал және Орталық Азия­ны химиялық өнімдермен қам­та­масыз етіп отырған кәсіпорын болды. Қоршаған ортаға қаупі бар сынап қолдану арқылы өнім өндіретін зауыт 1994 жы­лы жабылды. Сол үшін жер­гі­лікті тұрғындар «химия» де­ген сөзге үрке қарайды. Осы қорқынышты болдырмау үшін экологиялық таза өндіріс қажет. Химия саласында жұмыс жасайтын шетелдік кәсіпорындармен әріптестік керек екені айтылуда. Хлор шетелдерде мүлде пайдаланылмайтыны белгілі. Ал, біздің елімізде әлі де қолданыста. Бірақ, қазір өмірге жаңа технологиялар, идеялар келе бастады. Зауыттар қайта жаңғыруда, химия өндірісінің де өрісі кеңейуде.

Мысалы, осы еркін экономи­калық аймақта қазір құрылыс жүргізіліп жатқан «БО-НА» серіктестігіне қарасты зауыт залалсыздандырғыш-де­зинфек­циялық сұйықтық заттар өндіруді қолға алды. Ал, «НПО Композит» серіктестігі аталатын екінші бір жаңа зауыт 2015 жылы іске қосылғанда полиэфир шайыры негізінде композиттік бұйымдар шы­ға­­рады. Қос кәсіпорын арнайы экономикалық ай­мақ жобасының алғашқы қа­тысушылары ретін­де маңыз­ды жобаларды бас­тап кетті. Облыс әкімі Ерлан Арын бұл жаңа жобаларды Индустрияландыру картасына енгізуге ұсыныс жасады. Еркін экономикалық аймаққа қатысатын кәсіп­орын­дар таңдау жолымен алынады. Жобалары бәсекеге қабілетті өндіріс орындары қажет.

Аймақ жаңа тех­­но­­л­огиялар­­дың заманауи өндіріс орнына айналуы тиіс. «НПО Композит» серіктестігінің полиэфир шайырын шығару зауытының жобалық құны – 2 млрд. 730 миллион теңге. Жылына 5000 тонна полиэфир шайыры және 3000 тонна композиттік бұйымдар шығаратын болады. Залалсыздандырғыш құралдар зауытының жобалық құны – 43, 2 миллион теңге. Жылдық қуаттылығы – 130 тонна. Екі зау­ытта 200-ге жуық жаңа жұ­мыс орны ашылмақшы. Өнімдер алыс-жақын шетелдерге шығарылады. Екі зауыт­та іске асатын жобалардың жетекшісі Нұрлан Ережеповтің айтуынша, химия бағытындағы кәсіпорындардың өндірісі қор­шаған ортаға зиян келтірмейді. Қолданылатын технология экологиялық тұрғыдан қауіпсіз.

Полиэфир шайыры және олардың композиттік бұйымдар зауытына қажетті құрал-жаб­дық­тар мен ноу-хау технологияларын жеткізу бағытында ағылшындық «Теchnobell», немістің «Sunthopol» және «Rhe» компанияларымен келіссөздер жүргізілуде, дейді серіктестік басшысы.

Нұрлан Ережеповтің айтуынша, 2007 жылы «БО-НА» серіктестігінің залалсыздандыратын сұйық заттар жөніндегі ғылыми-зерттеулері халықаралық грантты жеңіп алыпты. Екіншіден, жаңа зауыттың жобасын, сметалық құжаттарын дайындау үшін қаражат қажет. Ал, химиялық зауыттардың жобалық-смета­лық құжаттарын дайындау шарттарында өнімнің қоршаған ортаға тиетін қауіп­сіздігі, экологиялық талаптар жоғары. Біздің жұмысымыздың жолға түсуіне «Бәйтерек» ұлттық холдингіне қарайтын Технологиялық даму жөнін­дегі ұлттық агент­тік қолдау көрсетті. Кә­сіп­орындардың техника-экономикалық не­гіз­демесі әзірленді. Қазір залалсыздандыратын заттар шы­ға­ратын зауыт құрылысы жүр­гі­зілуде. Алдағы желтоқсан айын­да пайдалануға беріледі. Шы­ғаратын өніміміз жоғары тех­нологиялық сапалы.Үкіметтің №799 қаулысында елімізде шығарылатын жоғары технологиялық өнімдер тізімі бекітілген. Біздің зауыт шы­ға­ратын сұйық заттардың құрамында хлор болмайды, экологиялық қауіпсіз деген сөз. Технологиялық даму жө­нін­дегі ұлттық агенттіктің Үкі­мет­тің №1036 қаулысы бо­й­­ын­ша инновациялық жоба­ларға 50 миллион теңге көле­мінде берілетін арнайы гранттары бар. Сондықтан біз зау­ыт құрылысын бастамай тұ ­рып, осы грантқа өз жобамыз­ды ұсындық. Жобаларға өз елі­мізден және шетелден тәуел­сіз сарапшылар баға береді. Сарапшылар берген бағадан соң барып, агенттік экономикалық сараптама жүргізеді.

Бизнес мемлекеттен қолдау көріп отыр деген осы. Және АҚШ-тағы күрделі ауруларды бақылау орталығының қол­дауымен Халықаралық ғылы­ми-техникалық орталық пен «БО-НА» серіктестігі ара­сын­да екіжақты келісімге қол қойылды. 2007-2012 жыл­дар аралығында облыс орта­лығындағы «Каустик» АҚ-тың өндірістік алаңдарында «БО-НА» шығаратын залалсыздандыратын сұйықтықтардың жоғары сапалылығы тексе­рілді. Тексеріс барысын­да «Дезостерил», «Дезостерил-Н» деп аталатын екі сұйықтық таңдап алынды. Сұйықтықтар ауруханалардың, коммунал­дық, тамақ, өндiрiс, сүт, мал шаруашылығы нысан­дарын, медициналық маңыз­дағы бұйым­дарды де­зин­фек­циялауда қолданылады. Жыл сайын елімізде 3 мың тоннаға жуық залалсыздандыру заттары пайдаланылады. Өнімнің 40-50 пайызы болса шеттен келеді. Зауыт қалдықсыз жұмыс жасайды.

Жаңа зауыт құру үшін Оңтүстік Корея техникасын алып жатырмыз, дейді Нұрлан Ережепов. Еліміз бойынша 120-дан астам ветеринарлық зертханалар салынуда. Себебі, жейтін тамағымыз – ет, сүт таза болуы керек. Мал қора­ларын, ірі шаруашылық құры­лымдарын залалсыздандырмай болмайтынын кеш түсіндік. Қазір Ресейдің талабы жоғары. Ауру малдарды ешкім де алмай­ды. Оларды ауру деп мың­дап көміп тастағанша, вете­ри­нарлық қызметтің дәре­жесін жоғарылатып, залалсыздандыру, алдын алу шараларын жүргізген әлдеқайда тиімді.

Жаңа жобалар сәтімен жүзеге асып, іс басталып кетсе, өңірдегі химиялық кластердің дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар