– Осы жылғы 1 маусымға дейін микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтардың барлық түрлерін, басқа да міндетті төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі берілді.
– 1 маусымға дейін өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтату, мүлікті билеуін шектеу бойынша шараларды қабылдау және салық және кеден қарыздарын, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу (тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда) тоқтатылды.
– Ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кино залдары, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары бойынша, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер бойынша мүлік салығын төлеуден жыл соңына дейін босату қарастырылған.
– Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитытн АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС салынбайтын болады.
– 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі мерзімде еңбекақы төлеу қорынан міндетті төлемдер мен салық төлеуден босатуды тапсырды, оның ішінде сауда нысандары, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі нысандары, көлік және консультациялық қызметтер мен ІТ саласы бар.
Акциздерден босату
– Экспортқа өткізу кезінде акциз төлеуден бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндірушілер босатылды.
– Жыл соңына дейін экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отыны бойынша мұнай өңдеу зауыттары акциз төлеуден босатылды.
Декларациялар мен хабарламалар
– Декларацияны тапсыру мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін (31 наурыздан бастап) ұзартылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша декларация тапсыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.
– Төтенше жағдай кезеңінде болатын камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындау мерзімдері ұзартылды (жоғары тәуекел дәрежесі бар салық төлеушіні қоспағанда).
Тексерулер мен айыппұлдар
– Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімі тоқтатылды (1406 тексеру). Қазірдің өзінде басталған тексерулер төтенше жағдай кезеңінде тоқтатыла тұрады, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін тексеру жұмыстары қайта басталады.
– Төтенше жағдаймен байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауы нәтижесінде қарыз алушыларда туындаған төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді.
Арендалық төлемдер
– 26 наурыздан бастап Қаржы министрлігі мен ЖАО бір жақты тәртіппен 20 маусымға дейін 7 701 мемлекеттік мүлікті жалдау шарты бойынша арендалық төлемдерді есептеуді тоқтатты. Осы кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттерге шамамен 1,2 млрд теңге түспейді.
– Бұл санатқа: мектеп асханалары, ауруханалардағы, емханалардағы дәріханалар және т. б. кіреді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері корпоративтік рәсімдер аясында дербес жалға беретін мүлік бойынша аяқталып қалды.
ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы
– Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейлі банктердің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым капиталын толықтыруға 12 айға дейінгі мерзімге, жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несиелер беру жолымен іске асырылады.
АЛМАТЫ