06 Қыркүйек, 2013

Ана мен баланы қолдау – отбасына қамқорлықтың ең басты шарасы

856 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне енгізілді. Сондықтан үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша тағайындалған Отбасы күні Қазақстанда алғаш рет атап өтіледі.

Бұл күннің белгіленуі жұрт­шылық назарын отбасы және отбасылық құндылықтарды нығай­тудың көптеген мәселелеріне аударуды мақсат етеді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып-дамиды, халықтың әл-ауқаты ар­тады.

2013 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне енгізілді. Сондықтан үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша тағайындалған Отбасы күні Қазақстанда алғаш рет атап өтіледі.

Бұл күннің белгіленуі жұрт­шылық назарын отбасы және отбасылық құндылықтарды нығай­тудың көптеген мәселелеріне аударуды мақсат етеді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып-дамиды, халықтың әл-ауқаты ар­тады. Отбасы қоғамның негіз­гі элементі ретінде адами құн­ды­л­ықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақ­тас­тығының сақтаушысы, тұрақтылық пен даму факторы болған және болып қала береді.

Барлық уақыттарда да елдің дамуына қоғамдағы отбасының жағдайы мен оның мемлекетке қатынасы бойынша баға берген. Отбасынан адамның өмірі басталып, оның азамат ретінде қалыптасуы да осында өтеді.

Сонымен бірге, отбасы, маңызды әлеуметтік бірлік ретінде заңның қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады, кәмелет жастағы еңбекке қабілетті балалар жұмысқа жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті, деп атап көрсетілген.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берік қоғам орнатудағы әйелдің рөліне айрықша орын берілген. Әйел отбасының, демек мемлекеттің де тірегі ретінде танылған. Ана мен баланы қорғау жаңа сатыдағы әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі болып жарияланды.

Әйелдің ел өміріндегі рөлін арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Сондықтан ана мен балаға әлеуметтік қолдау жасау халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудың негіздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан 2012 жылдың 14 ақпанында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Ананы қорғау туралы конвенциясын ратификация­лады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ананы қорғау, оның ішінде жүктілігі мен бала тууы бойынша демалыстың ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне байланысты анаға ақшалай төлемақы белгілеу жөніндегі ХЕҰ-ның барлық стандарттары орындалуда.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда республиканың экономикалық ахуалының жақсаруына байланысты отбасы мен балаға әлеуметтік қолдау жасау жұмыстары жетілдірілуде.

2003 жылдан бастап ана мен балаға қолдау көрсетуге тек екі түрлі ғана жәрдемақы тағайындалса, 2010 жылдан бастап әлеуметтік көмек түрлерінің саны арта түсті.

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер олар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеп отырған жұмыс істейтін әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақша алған кезде жүктілігі мен бала тууына байланысты әлеуметтік төлемдер белгілеу үшін өтініш бере алады. Бұл төлемақы жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі мен бала тууына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі парақшада көрсетілген бүкіл мерзімге тағайындалады.

Бала туғаннан кейін әке немесе ана еңбек қызметін жүзеге асырған-асырмағанына қарамастан бала тууына байланысты республикалық бюджет қаржылары есебінен бір реттік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөнінде өтініш бере алады. Олардың көлемдері төмендегідей:

- бірінші, екінші, үшінші бала туғанда – 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 51 930 теңге;

- төртінші бала туғанда – 50 АЕК немесе 86 550 теңге.

Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда аталған жәрдемақы әр балаға жеке-жеке тағайындалады.

Жұмыс істей

Соңғы жаңалықтар