Әлем • 12 Сәуір, 2020

Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы онжылдықта балалар еңбегін қанау көрсеткіштері артқан. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең ірі какао тасымалдаушысы болып табылатын Африкадағы  Кот-д'Ивуар және Гана палнтацияларындағы жағдайды негізге алуға болады. Reuters АҚШ-тың Еңбек министрлігі қаржыландырып отырған баяндама негізіндегі мәліметтерге сүйене отырып,  өткен маусымда Батыс Африка елдеріндегі плантацияларда 2 миллионнан астам баланың жұмысқа жегілгендігін алға тартады.  

Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген

Мәліметтер Чикаго университетінің зарттеушілерімен жиналған. Жоба зерттеушілерінің мәліметі бойынша,  балалар еңбегін пайдалану осыдан он жыл бұрынғы кезеңнен айтарлықтай өскен.  2013/14 жылдармен (44%) салыстырғанда 2018/19 жылдардағы көрсеткіштер (46%) ұлғайған. Аса қауіпті жұмыстардағы көрсеткіштер 42% құрайды. Зерттеушілердің пікірінше, балалар еңбегін пайдалану деректері кең етек алып барады. Соңғы уақытта Mars, Hershey, Nestle, Cargill компаниялары биылғы жылы Батыс Африкада балалар еңбегін пайдалануды  70%-ға дейін қысқартуға міндетеме алып отыр. Дегенмен халықаралық ұйымдардың әрекеті негізінде балалар еңбегін пайдалану көрсеткіштері екі есеге дейін азайғандығы байқалады.