Әлем • 12 Сәуір, 2020

Еуропалық одақ Беларуссияға 60 млн еуро көмек береді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь елінде қазіргі кезде вирус жұқтырған медициналық қызметкерлердің саны 300-ден асқан. Олардың көпшілігі Витебскі мен Минискіде тіркелген.  Президент А.Лукашенко халықаралық сарапшыларды шақыру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш күн бойы ел аумағында миссиясын жүзеге асырған ДДСҰ мамандары бұл елдегі коронавирустың таралу ауқымын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Ал Еуропалық одақ Беларусь Республикасына 60 млн еуро көлемінде көмек беруді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын мәлім болғанындай, Беларусь билігі гуманитарлық және экономикалық көмек сұрап Еуро одақ назарын аударған-ды

Еуропалық одақ Беларуссияға 60 млн еуро көмек береді

ДДСҰ миссиясының басшысы Патрик О'Коннор Беларусь еліндегі ахуалға қатысты арақашықтықты сақтауда карнтин немесе командант сағатын енгізу міндетті емес деген ұсынысын айтты. Дегенмен де коронавирустан туындаған жағдайларды басшылыққа ала отырып, қашықтан оқыту, созылмалы аурулары бар ересек тұрғындарды оқшаулау, т.б. жаппай өтетін шараларды тоқтату қажеттігін атап өтті.

Елдің Денсаулық министрі В.Караник қазіргі кезде қатаң карантин шараларын енгізудің қажет еместігін құптап отыр. Егер де әрбір азамат жеке қауіпсіздігіне назар аударып, әлеуметтік арақашықтықты сақтайтын болса, вирусты жаппай жұқтырудың алдын алуға болады.