Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Ақмола облысында тағы 10 адам аты жаман аурудың қармағына ілікті

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дауасыз дертке шалдыққандардың 9-ы Целиноград ауданынан, біреуі Көкшетау қаласынан.

Ақмола облысында тағы 10 адам аты жаман аурудың қармағына ілікті

Олардың барлығынан тиісті анализ алынып, зертханада тексеруден өткізілген. Бүгінгі күні сырқаттардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Хаттамада бекітілген шараларға сәйкес ем-дом қабылдауда. Індет жұқтырғандармен қарым-қатынас жасалған адамдар анықталып жатыр. Дерт ошақтарына дезинфекция жүргізілуде.

Осы уақытқа дейін өңірде 71 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғандығы белгілі болып отыр.