Кәсіптік одақтар қызметін шектеу емес, реттеу керек
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Парламенттің 3-сессиясын ашардағы сөзінде депутаттық корпустың алдына осы құрылымның заң шығарушылық қызметіне қатысты қадау-қадау міндеттер қойып, қаралатын маңызды заңдар тізбегін анықтап берді. Бүгінгі таңда жаһанды кернеген ахуалдың әлі де ауыр күйінде екендігін айтып, оның күрт өзгерістері мен әркелкі үдерістері етек алуы мүмкін екендігін атап көрсетті. Бұл үдерісті болжау мүмкіндігі төмен болып отыр. Кеше ғана болашағы зор деп есептеліп, қарқынды дамып келе жатқан елдер бір-ақ сәтте ішкі алауыздық пен жанжалдың аймағына айналуда. Әлеуметтік проблемалар көптеген дамыған елдерде шиеленісіп кетті. Жұмыссыздықтың өсуі, халық табысының төмендеуі, дамудағы үйлесімсіздік пен кереғарлық көптеген елдерде ашық бой көрсетуде.

Елбасы осы жағдайларды атап көрсете келе, халықтың тіршілігі мен тұрмысын, еңбек қатынастарын үйлестіруге қызмет ететін заң жобаларын қарауға басымдықтар берді. Осындай заңдардың бірі – «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасы. «Қазақстандық кәсіподақ қозғалысын жаңғырту қарқынды жүруі тиіс. Үшінші сессия жұмысы барысында «Кәсіптік одақтар туралы» заң қабылдау қажет. Оның жобасын Үкімет таяу арада енгізеді», деп мәлімдеді Президент.
Жалпы, бұл заңның маңызына Елбасы өткен жылдың шілде айында жария еткен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жан-жақты тоқталған болатын. «Кәсіптік одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тіпті әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсінік те жоқ. Сондықтан Қазақстандағы кәсіподақ институттары еңбек дауларының алдын алу және шешудің тиімді құралдарының рөлін әр кездері бірдей атқара алмай келе жатқандығына таңғалуға болмайды. Жағдайды іштей жақсы түсіне отырып, мен мынаны айтқым келеді: «Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс», деп атап көрсеткен еді.
Елбасының осы сөзінен кейін Үкімет кәсіптік одақтар өкілдерімен, мүдделі тараптармен бірлесе отырып, аталған заң жобасын әзірлеуді қолға алды. Осы құжатты әзірлеу барысында орталық пен ел өңірлерінде арнайы жиындар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, бұрынғы заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер ауқымы анықталды. Бұл мәселені талқылауға қатысқан кәсіподақтар өкілдері, депутаттар, қоғамдық құрылымдар жетекшілері, саясаткерлер мен сарапшылар қабылданатын жаңа заңға қатысты өз пікірлерін білдірді. Мәселен, саяси бағыттағы жұмыстармен шұғылданатын Гүлдана Нұрпейісова «Кәсіподаққа жаңа заң қажет пе? Менің ойымша, өте қажет. Бұл тақырып қазіргі күні өте маңызды болып отыр. Заңға қатысты менің қоятын бір талабым – кәсіподақтар толық мәнінде жұмыс істеуі тиіс. Жаңалық дегеніміз – ұмытылып кеткен ескілік. Мен кәсіподақтарға бір кездері Кеңес Одағында болған мәртебесін қайтарып беру керек деп есептеймін. Ал әзірге Қазақстанда мұндай белсенді әрекет үстіндегі кәсіподақ ұйымдары қалыптаспай отыр» десе, заңгер Сергей Уткин «Менің ойымша, бұрынғы заңға бәлендей өзгерістер енгізіп қажеті жоқ. Онда бәрі дұрыс жазылған. Барлық мәс