06 Қыркүйек, 2013

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру процесіндегі медициналық білім берудің рөлі

445 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

(МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналады)

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке деген жаңа көзқарас осыдан отыз бес жыл бұрын халықтың мұқтаж топтарының денсаулығын жақсартуға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған құндылықтар, принциптер, тәсілдер кешені ретінде ұсынылған болатын. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тұжырымдамасы алғаш рет 1978 жылдың қыркүйегінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер Алматы декларациясына қол қойғаннан кейін, ресми түрде жарияланған болатын.

Медициналық-санитариялық ал­ғашқы көмек деген ұғым ал­ғашында медициналық жәрдем моделінің шеңберінен тыс халық денсаулығын қорғау мәселелеріне көзқарастың тұтастығы деген түсінік болатын. Денсаулықтың нашарлау себептері және аурудың туындау себептері денсаулық сақтау секторы тарапынан бақылауға көнбейді, сондықтан аурудың алдын алу үшін және оларды жою үшін қоғамды тұтас қатыстыра отырып, күрделі, ауқымды тәсілдер әзірлеу қажет.

Бұл бірнеше міндеттерді шешу­ге – денсаулықты жақсартуға, ауру­шаңдықты азайтуға, ден­саулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін барынша жоғарылатуға, әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әр ел­дің қолда бар ресурстарын тиімді пай­далануға мүмкіндік берер еді.

Қазіргі күні Қазақстан Респуб­ликасында бұл міндеттердің басым бөлігін денсаулық сақтау саласының қазіргі жүйесі іс жү­зінде шешті деуге болады. Халық­тың денсаулығын жақсарту, аурумен күрес, адамдардың өмір жасын ұзарту бойынша жетіс­тікке қол жеткізгенмен, дүние жүзін­де адамдардың денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі моделіне көңілдері толмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі таңда бұл мәселені қайта көтеріп отыр. Әлемдегі ден­сау­лық сақтау жүйесінің ахуалы туралы ДДҰ-ның 2008 жылғы «Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі» деген баяндамасында: «Денсаулық сақтау жүйелері проблемаларды болжап және дәрігерлер әрекетінің потен­циалын арттырудың орнына, бірінші кезектегі қысқамерзімді бір міндеттен екінші міндетке ауысады, фрагментті түрде және қозғалыс бағытын анық білместен әрекет етеді», – деп жазылған.

Біздің елімізде «Саламатты Қа­зақстан» бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлық деңгейде ауқымды шаралар атқа­рылып жатыр. Оның ішінде ме­дициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде медициналық-санитариялық және әлеуметтік іс-шараларды жүргізу бірінші кезекке қойылған. Бұл ретте «Астана медицина университеті» АҚ өзінің негізгі қызметтерін Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын, ме­ди­циналық-санитариялық ал­ғаш­­қы көмекті реформалау шең­бе­рін­дегі жаңа талаптарға сәйкес ұйым­дастырады.

Бүгінгі күні Астана медицина университеті білім беру қызметінің форматын қазіргі уақыт талабына сай қайта құрды. Университеттің білім беру процесін ұйымдастыру шараларының негізгі түпкі мақсаты – қазіргі пациент талабына жауап бере алатын маманды дайындау, барлық іс-шаралар осыған бағыт­талып өткізіледі.

Аталған міндетті орындау үшін талапкерлерді іріктеу сапасын арт­тыру жұмысы белсенді түрде жүр­гізіледі. Медициналық ЖОО-ларға студенттерді

Соңғы жаңалықтар