Әлем • 13 Сәуір, 2020

Бүгіннің басты тақырыбы – пандемия

382 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Төрткүл дүние коронавирустың құрсауында қалды. Адамзат індеттің жалпақ әлемге жайылғанына алаңдаулы. Қысқасы, пандемия жаһан бойынша басты тақырыптың арқауына айналды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да осы тақырыпты кеңінен қаузайды.

Бүгіннің басты тақырыбы – пандемия

Washington Post газеті бүгінгі пандемия жануарлардың емес, адамның жауапкершілігіндегі мәселе екенін жазады. Жануарлар әлемімен адамдардың қатынасы туралы мақаласында бүгінгі тенденциялар мен жаһанданудың салдары осындай індетке әкеліп соқтыр­ғаны туралы талданған. «1 миллионнан аса адам жұқтырған коронавирус бұған дейінгі басқа да пандемиялар сияқты жануарлардан пайда болды. Дегенмен ғалымдар мәселенің жануарларда емес, өзімізде екенін айтады. Жабайы аңдардың ағзасында әрқашан вирус болады.  Алайда сауданың жануарлар дүниесіне де жетуі, урбанизация мен ауыл шаруашылығының интенсификациясы жануар ағзасындағы вирустың адамға өтуіне мүмкіндік береді», дейді басылым.

Сонымен қатар мұндай зерттелмеген вирустың 1,7 миллионға жуығы барын айтып, басылым фаунаға қатынасымызды өзгертуге, жануарларды қамқорлыққа алуға шақы­рады. «Зерттеушілер коронавирус пан­демиясын денсаулық сақтау мен экономикалық дағдарыспен күресіп жатқан әлемге белгі дейді. Бұл жануар­ларға серіктес ретінде қарап, олардың дүниесін қорғауға алу керек­тігін білдіреді. Адамға төнген инфек­циялық кеселдің 70 пайызы зооно­ти­калық себептен. Ғалымдардың пайымын­ша, жабайы әлемде 1,7 млн анық­тал­маған вирус бар. Дәл қазір олар жан­уар­дан адамға жұғатындарын анық­тау үстінде», дейді Washington Post.

1

The Guadrian газеті Еуропа ғалым­дары егде жастағы адамдардың жыл соңына дейін үйден шықпауы керек деген тұ­­жырымға келгені туралы жазады. «COVID-19 салдарынан биыл католиктер қасиетті мерекелерінің бірі – Пасханы үйде қарсы алды. Мұндай шаралар әлі де созылуы мүмкін. Микробиолог Йен Кук-юнг вирустың анықталуы шілдеге дейін жалғасатынын айтты», делінген мақалада.

3

Ал Қытай газеті China Morning Post вирустың таралуын анықтау үшін жасал­ған тәжірибе нәтижесін жарияла­ды. Зерттеушілер 6 науқасты бақы­лау­ға алып, жаңа COVID-19 вирусы 48 сағат­тың ішінде 100 рет көбейетінін анық­таған. Бұған дейін анықталған Sars вирусы дәл осындай уақытта тек 10-20-ға артатыны белгілі болып еді. Ғалымдар жаңа вирустың иммунитетті бірте-бірте зақымдайтынын, қабыну реакциясы баяу болатынын да айтыпты.

4

Түркияның Cumhuriyet газеті елдегі созылмалы ауруға душар болған науқастардың ем-домы кейінге қалды­рылғаны туралы жазады. «Қазірде барлық науқастың ауруханада болуы қауіпті. Бүгінгі таңда тек вирус жұқтырғандар мен ракпен ауратындарды ғана ауруханада қалдырдық. Оның өзі екіншілері үшін қауіпті. Өйткені, олардың барлығын бақылай­тын дәрігерлер ортақ. Бұл иммунитеті онсыз да төмен науқастарымызды қатер­ге тігумен бірдей», дейді газетке сұхбат берген Ыстанбұл Медицина пала­тасының басшысы Пынар Сайп. Сонымен қатар басылым халықты дәріханаларға себепсіз баруды қоюға шақырады. Халықтың дәріханаларды жиі жағалауына үкіметтің маскаларды тегін тарату шешімі себеп болған. Ыстанбұл Дәріханалар палатасының басшысы Зафер Дженап Сарыалиоғлұ «Министрліктен маскаңызды алыңыз» деген хабарлама келмейінше дәрі­хана­ларға келмеуіңізді өтінеміз», дейді.

4

«Вечерняя Москва» газеті Ресей Ғылым академиясының эпидемия жаздың басында тоқтайды деген тұжырымын жариялады. «Вирусолог Виктор Зуев те академия ғалымдарымен келісті. «Әлбетте, бүгінгі қиын жағдайда ертең не болатынын кесіп айту қиын. Алайда ғалымдармен келісемін, бұл індет жаз басталмай тоқтауы екіталай», делінген газет бетінде. Сонымен бірге крематорийлердің жұмысына тексеріс жүргізілетінін, олардың тапсыр­маны уақытылы орындап жатқаны туралы жазады.