Винченцо Нибалиге ешнәрсе кедергі емес. Жақында «Вуэльта» жарысына қатысып жатқан «Астана» командасының велошабандозы В.Нибалиді дәл маңдайынан ара шағып алды. Соның салдарынан «Астана» капитанының беті ісіп кетті.
Соған қарамастан, «Астана» командасының капитаны Испания жолдарымен өтіп жатқан «Вуэльта» велокөпкүндігінде жалпы есепте қайта көш басына шықты.
«Шахтер»құрамын жасақтады. Футболдан Еуропа лигасына қатысатын Қарағандының «Шахтер» командасының тізімі белгілі болды.
Команда жаттықтырушысы Виктор Кумыков Еуропа лигасына 25 ойыншының қатысатынын мәлімдеді. «Шахтер» топтық кезеңдегі алғашқы матчын қыркүйектің 19-ынан 20-сына қараған түнде Грекияда жергілікті ПАОК-қа қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады.
В
инченцо Нибалиге ешнәрсе кедергі емес. Жақында «Вуэльта» жарысына қатысып жатқан «Астана» командасының велошабандозы В.Нибалиді дәл маңдайынан ара шағып алды. Соның салдарынан «Астана» капитанының беті ісіп кетті.
Соған қарамастан, «Астана» командасының капитаны Испания жолдарымен өтіп жатқан «Вуэльта» велокөпкүндігінде жалпы есепте қайта көш басына шықты.
«Шахтер»құрамын жасақтады. Футболдан Еуропа лигасына қатысатын Қарағандының «Шахтер» командасының тізімі белгілі болды.
Команда жаттықтырушысы Виктор Кумыков Еуропа лигасына 25 ойыншының қатысатынын мәлімдеді. «Шахтер» топтық кезеңдегі алғашқы матчын қыркүйектің 19-ынан 20-сына қараған түнде Грекияда жергілікті ПАОК-қа қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады.
Кенжесариевке ота жасалады. Жуырда Алматыда соққыға жығылған «Ақтөбе» командасының футболшысы Эмиль Кенжесариев жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Бірнеше аптадан соң Кенжесариевке Германия немесе Израиль клиникаларының бірінде қайта ота жасалады. Ал футболшының клубтастары мен достары қымбат отаға қажет қаржыны жинап беруді жоспарлап отыр. Оған кемінде 50 мың доллар қажет деген дерек бар.
Головкиннің қарсыласы белгілі болды. GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды.
Ол АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістіреді. Геннадий атағын WBA сериясы бойынша 9-рет, IBO бойынша 6-рет қорғайын деп отыр. Кездесу 2 қараша күні Нью-Йорк қаласындағы Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді.
Чиншанло Қазақстанда қалады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни Зүлфия Чиншанло қытайлық азаматқа тұрмысқа шықса да, ешқайда кетпейтінін айтты. «Ол Қазақстанның намысын қорғай беретін болады», деді ол.
Оның айтуынша, Зүлфияның жұбайы Қазақстанда тұруға өтініш білдірген. Ол үшін тиісті құжаттарын да тапсырып қойған екен.
Жаңа хоккей маусымы басталды. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті алтыншы маусымы жалауын желбіретті.
Биылғы маусымның алғашқы кездесуі «Динамо» (Мәскеу) және «Трактор» (Челябі) командалары арасында өтті. Матчта алаң иелері қарсыластарын 5:1 есебімен ұтты. Ал Астананың «Барыс» командасы алғашқы ойынын 8 қыркүйекте «Северсталь» командасына қарсы өткізеді.
7 қыркүйек күні еліміз бойынша Денсаулық фестивалі өтеді. Биылғы фестивальдің ұраны – «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» Ол саламатты өмір салтын, дене тәрбиесі мен спортты насихаттауға арналады. Онда еліміз бойынша жаппай гимнастика жаттығуларын жасау жоспарлануда. Ол үшін таңертең бір уақытта радиожелі арқылы кешенді жаттығулар мен оларды орындау тәртібі таратылады.
Хижниченко – тамыз айының үздік футболшысы. Қарағандының «Шахтер» командасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Премьер-лигадағы тамыздың үздік ойыншысын анықтауға жүргізілген сауалдама нәтижесі бойынша жеңімпаз атанды.
Сауалдамаға барлығы 27 футболшы (өткен айда 34) қатысты. Чемпиондар лигасының үш ойынында Хижниченко екі гол соқты. Сондай-ақ, Қазақстан және Грузия құрамаларының арасында өткен жолдастық кездесуде оның соққан жалғыз голының арқасында отандастарымыз жеңіске жетті.
«Барыстың» бюджеті – 16,8 млн. АҚШ доллары. Құрлықтық хоккей лигасы командалары биылғы бюджетін жариялады. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ең көп бюджет С