Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Азаматтық парыз

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық Қорғаныс іс­тері департаментінің мәлім­де­уін­ше, арнаулы жиынға 70 адам ша­қырылған. Олардың барлығы қажет кезінде ел игілігі үшін қалт­қысыз қызмет етуге әзір.

Азаматтық парыз

Бүгінгі арнаулы жиынға шақырылып отырған жас толқын­ның бойынан да ерекше құл­шынысты көруіміз содан. Әрі жастарға патриоттық тәрбие беру, патриотизм сезімі – хал­қымыздың болмысына әлми­сақ­тан сіңген қасиет. Ұрпақ­тан ұрпаққа, атадан балаға мирас болған өсиет. Жастардың бо­йындағы жігерге қарап сүй­сіне­сің.

Жер­гілікті әскери комиссариат кеңсесінде адам көп. Бұлар арнаулы жиынға келгендер. Аға буын да бұл мәселеде зор қолдау білдіріп отыр. Олардың лебізінен ортақ іске деген оңды көзқарасты айқын аңғаруға болады.

– Осы жастардың қатарында менің ұлдарымның болатынына да сенемін, – дейді Жақсы ауда­нының тұрғыны, көп балалы ана Шайым Мағжанова, – бала­ла­рым­ның санасына ел амандығы үшін еңбек ету, үлесін қосу аза­маттық борыш екендігін әбден сіңіргенмін. Жандосым Нұр-Сұлтан қаласындағы Отан қор­ғау­шылар мерекелік парадына, ал Ақжолым ұлы Жеңістің 72 жыл­дығына арналған әскери шеруге қатысқан болатын. Пре­зидент Жарлығын осындай жас­тар іліп әкететіндігіне сөз жоқ.

 

Ақмола облысы