Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі мен мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы саналды. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз.
Қазіргі уақытта республика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлініп келеді. Президентіміз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік тіл саясатына, оның ішінде мемлекеттік тілге зор маңыз беріп, Үкіметке 2014 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың санын 20 пайызға, 2017 жылға қарай 80 пайызға, 2020 жылы кем дегенде 95 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл бағытта Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Бүгінде елімізде ұлтты ұйыстыру мен халықты біріктірудің басты факторына айналып отырған мемлекеттік тіл екендігі баршамызға белгілі. Ең бастысы – бүгінгі жаңа қоғам, жаңа дәуірде қазақ тілінің қажеттілігі айқын біліне бастады. Мемлекеттік тілді білу, оны меңгеру уақыт талабына айналды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда облыстық, аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс аумағында тіл саласында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2001 жылы облысымыз республикада алғашқы болып іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкені белгілі. Аймақта барлық жиын-жиналыстар, көпшілік-мәдени шаралар қазақ тілінде өтеді. Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда іс құжаттары қазақ тілінде жүргізіледі. Оқушылардың 92 пайызы қазақ мектебінде, студенттердің 93 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда.
2013 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша облыс, қала, аудан әкімі аппараттарының шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, облыстық басқармаларда 99,5 пайызды, ал аумақтық басқармалар мен департаменттерде 98,6 пайызды құрады.
Облыс көлемінде тіл туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік мекемелерде, прокуратура органдарымен бірлесіп, басқа да салаларда тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Жыл басынан бері 41 мемлекеттік мекемеде және Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен бірігіп, аймақта орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысымен тіл туралы заңнама талаптары орындалмаған әскери құрылымдарға әскери прокуратура арқылы ескертулер берілді.
Тіл саясатының байыпты жүргізілуі негізінен бұқаралық сипат ала отырып, халықты қамтитын мәдени-көпшілік жұмыстардың ықпалды да әсерлі ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені сөзсіз.
Осы орайда жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеріп, оның құдіретін терең түсіне білуіне бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және филолог-ғалымдар мен тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл-таным» телебағдарламасы ай сайын облыстық телеарнадан берілсе, қазақ тілін үйренуге ынта білдірген өзге этнос өкілдері мен қазақ тілін білмейтін басқа да азаматтар үшін «Қазақ тілін үйренейік!» атты телесабақтар Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы айына 2 рет жүргізілуде.
Мемлекеттік тіл саясатын облыс жастарының арасында насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында түрлі байқаулар, акциялар, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде олимпиадалар өткізіліп, жеңімпаз деп танылған жастарымыз республикалық байқаул