06 Қыркүйек, 2013

Тілге көзқарас – елге көзқарас

936 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі мен мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы саналды. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз.

Қазіргі уақытта республика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлініп келеді. Президентіміз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік тіл саясатына, оның ішінде мемлекеттік тілге зор маңыз беріп, Үкіметке 2014 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың санын 20 пайызға, 2017 жылға қарай 80 пайызға, 2020 жылы кем дегенде 95 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл бағытта Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Бүгінде елімізде ұлтты ұйыс­тыру мен халықты біріктірудің басты факторына айналып отыр­ған мемлекеттік тіл екендігі баршамызға белгілі. Ең бастысы – бүгінгі жаңа қоғам, жаңа дәуірде қазақ тілінің қажеттілігі айқын біліне бастады. Мемлекеттік тілді білу, оны меңгеру уақыт талабына айналды.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда облыстық, аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, облыс аумағында тіл саласында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2001 жылы облысымыз республикада алғашқы болып іс қағаз­дарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкені белгілі. Аймақта барлық жиын-жиналыстар, көпшілік-мәдени шаралар қазақ тілінде өтеді. Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда іс құжаттары қазақ тілінде жүргізіледі. Оқу­шы­лардың 92 пайызы қазақ мектебінде, студенттердің 93 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда.

2013 жылғы 6 айдың қоры­тын­дысы бойынша облыс, қала, аудан әкімі аппараттарының шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, облыстық басқармаларда 99,5 пайызды, ал аумақтық басқармалар мен департаменттерде 98,6 пайызды құрады.

Облыс көлемінде тіл туралы заңнамалардың сақталуын қада­ғалау мақсатында облыстық тіл­дерді дамыту басқармасы тарапынан мемлекеттік мекемелерде, прокуратура органдарымен бір­лесіп, басқа да салаларда тексеру жұ­мыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Жыл басынан бері 41 мем­лекеттік мекемеде және Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасымен бірігіп, аймақта орналасқан Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысымен тіл туралы заң­нама талаптары орындалмаған әске­ри құрылымдарға әскери прокуратура арқылы ескертулер берілді.

Тіл саясатының байыпты жүр­гізілуі негізінен бұқаралық си­пат ала отырып, халықты қам­­­титын мәдени-көпшілік жұ­мыс­тардың ықпалды да әсерлі ұйым­дас­ты­рылуына тікелей байланысты екені сөзсіз.

Осы орайда жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеріп, оның құдіретін терең түсіне бі­луіне бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны жә­не филолог-ғалымдар мен тіл жана­шырларының қатысуымен «Тіл-таным» телебағдарламасы ай сайын облыстық телеарнадан берілсе, қазақ тілін үйренуге ынта білдірген өзге этнос өкілдері мен қазақ тілін білмейтін басқа да азаматтар үшін «Қазақ тілін үйренейік!» атты телесабақтар Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы айына 2 рет жүргізілуде.

Мемлекеттік тіл саясатын облыс жастарының арасын­да насихаттау, мемлекеттік тіл­дің қол­даныс аясын кеңейту, жас­тар­дың шығармашылық қабі­леттерін шыңдау және «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында түр­лі байқаулар, акциялар, орыс, қа­зақ және ағылшын тілдерінде олим­пиадалар өткізіліп, жеңімпаз деп танылған жастарымыз рес­публикалық байқаул

Соңғы жаңалықтар