Саясат • 13 Сәуір, 2020

Ынтымағы жарасқан елміз

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент – Елбасының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласы тағы да халқымызды жігерлендіре түсті. Елбасының әрбір сөзі шын жанашырлық пен Отаны мен еліне деген ыстық ықыласқа толы.

Ынтымағы жарасқан елміз

Коронавирус пандемиясының салдарынан әлем өзгеріп, адамзаттық құндылықтарға қатысты ойы өзгерді. Достық, бірлік пен жанашырлық сияқты қасиеттер адами қатынастың басты кілтіне айналды. Әлбетте, достық пен бірлік – бұған дейін де дәріптеліп келген асыл қасиеттер. Бұл ретте Елбасының хакім Абайдың өсиетін айтып өткені тебірентті. Осы орайда Әлішер Науаидің де достық туралы өлеңдері есіме түсті.

Елбасы өз мақаласында адами қасиеттер тәрбиелеудің маңызы туралы тағы бір рет сөз қозғады. Оған қоса жас­­тарға үндеуі оның жас ұрпақтың тағ­дырына ерекше алаңдайтынын көр­сетті. Бүгінгі жағдайлар мен заман талабына жастардың бейімделуі қиынға соға­тынын түсініп, Елбасы «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай атамыздың өсиетін ешқашан естен шығармауға шақырды.

Дана халқына алғыс білдіре келе, әрбір қазақстандықтың жүрегін тебірентіп, Қазақстан халқын қалай қадірлейтінін айтты. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі. Сондықтан әрқайсымыз өзіміз­дің, жақындарымыздың өмірі мен ден­саулығына үлкен жауапкер­ші­лікпен қа­рауымыз керек», деді.

Осы айтылғандарды қорыта келе, мен Елбасының ойымен толықтай келі­сетінімді жеткізгім келеді. Біз – бір ел­міз, ал халқымыздың бірлігі мен ын­тымағы жарасқан. Ендігі кезекте кездесіп отырған қиындықты бірлесіп, асқан жа­уапкершілік танытып жеңуіміз керек. Бірлігіміз бен біртұтастығымызға нұқ­сан келтірмеуіміз керек. Мәңгілік ел мақсатына ұмтылуымыз қажет.

 

Шерзод ПУЛАТОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары