Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Індет ошағы табылған 4 саяжай толықтай оқшауланды

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 21 науқасқа жетті. Кеше Еңбекшіқазақ ауданы аумағында  9 адамнан індет белгісі анықталды.

Алматы облысы: Індет ошағы табылған 4 саяжай толықтай оқшауланды

Бүгін коронавирус инфекциясы шығуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданынадғы 4 саяжай массиві бірдей карантинге жабылды.

- Аумақта COVID-19 диагнозы расталған он бірінші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып,  олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Біз қорытындыларды алдық, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жағдайға орай Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылған.

- Соңғы анықталған 9 адам да бұған дейін коронавирус жұқтырған. 11-і пациенттің жақын туыстары. Барлық азаматтарды сақ болуға шақырамыз, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

 

Алматы облысы