Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Маңғыстауда шахматтан алғаш рет «Каспий Патшасы» онлайн чемпионаты өтеді

56 рет көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Шахмат федерациясының директоры Елбаева Фатима Ырысбекқызы мәлімдеді.

Жүлде қоры 400 мың теңге. Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шахмат федерациясы, сондай-ақ «Дебют» шахмат мектебінің техникалық қолдауымен өңірде 2020 жылдың 19-сәуірінде CHESS.COM. сайтының Mangystau Chess Клубында «Каспий Патшасы» онлайн чемпионат өтеді деп жоспарлануда. Қатысуға ниетті облыс тұрғындары үшін ешқандай шектеу жоқ. Тек қана аталған сайтта өз аккаунтын ашып, өтінім толтырса болғаны.

- Жалпы жарыс 11 турдан тұрады. Блиц режимде 3 минут 2 секундтан қосылып әр жүріс үшін қосылады. Арнайы осы жоба үшін CHESS.COM. сайты таңдалды. Өйткені, аталған сайттың ауқымы кең. Бұл сайыс шахматшылар үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Облыс тұрғындары Ютуб желісі арқылы тікелей байланыста тамашалай алады, - деді «Дебют» шахмат мектебінің басшысы Анвар Шайхымов.

Бәсекеде бақ сынаймын деушілер үшін өтінім қабылдау 18-сәуір күні тоқтайды. Чемпионатта Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларынан «Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері» онлайн қазылық ететін болады. Жарыс қорытындысы 2 күннен кейін жарияланып, қатысушалар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

- Бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық қатысушы тіркелген. Алда мұндай чемпионаттың қалалық, облыстық кезеңдерін өткізу жоспарда, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Маңғыстау облысы

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар