07 Қыркүйек, 2013

Санкт-Петербург саммитіндегі сәттер

330 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

 

Екіжақты кездесулер

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында мемлекеттер басшыларымен және делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Франция Президенті Франсуа Олландпен бірге Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәсе­лелерін талқылады.

Испания Премьер-министрі Мариано Рахоймен бірлесіп екі елдің арасындағы ортақ мүддені білдіретін түрлі салалардағы се­ріктестікті тереңдетудің аспек­тілері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы­британия Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен бірге оның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Екіжақты кездесулер

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында мемлекеттер басшыларымен және делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Франция Президенті Франсуа Олландпен бірге Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәсе­лелерін талқылады.

Испания Премьер-министрі Мариано Рахоймен бірлесіп екі елдің арасындағы ортақ мүддені білдіретін түрлі салалардағы се­ріктестікті тереңдетудің аспек­тілері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы­британия Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен бірге оның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Италия Премьер-министрі Энрико Леттамен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Канада Премьер-министрі Стивен Харпермен келіссөздер түрлі салалардағы, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы екіжақты серіктестік аясын кеңейтуге арналды.

Қазақстан Президенті мен­ Жапония Премьер-ми­нис­трі Синдзо Абэ екі ел­дің сауда-экономикалық және инвестициялық ынты­мақ­тас­тығының түрлі аспектілерін талқылады.

Бруней-Дарусса­лам Мем­­ле­ке­ті­нің Сұлтаны, Оңтүс­тік-Шығыс Азия елдері қауым­дас­тығының төр­ағасы Хассанал Бол­киах­пен бірлесіп көптарапты өзара іс-қи­мыл аясының кең ауқымы, сон­дай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселе­ле­рі талқыланды.

Мексика Құрама Штат­тары­ның Президенті Энрике Пенье Ньетомен бірлесіп екіжақты ын­тымақтастықты тереңдетудің ана­ғұрлым перспективалық бағыт­тары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен бірге елдеріміз арасындағы серіктестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау және өңірлік қауіпсіздік тақырыбы сөз болды.

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министрі Манмохан Синг­хпен сауда-экономикалық, ғы­лыми-техникалық және инвес­ти­циялық салалардағы екі елдің өзара іс-қимылын дамыту перспективасына қатысты пікір алмасты.

Энергетика мен спорт – перспективалы салалар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Сенегал Республикасының Президенті, Африканы дамыту мүддесіндегі жаңа серіктестік ұйымының төрағасы Маки Саллмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен басымдықтарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимылды дамыту үшін мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

М.Салл ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде энергетика саласы мен спорттағы биік жетістіктерді атады.

Ұйымға кіру жайы қаралды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік с ауда ұйымына кіруі мәселесі қаралып, келісілетін құжаттарға қол қоюдың барысы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жетекші сауда серіктестері – Еуропалық Одақпен және АҚШ-пен аталған мәселелер бойынша жүргізілген келіссөздер үдерісі туралы мәлім етті.

Р.Азеведу Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы бірлескен жұмыстың жемісті жүргізілгенін атап өтіп, біздің еліміз Ұйымға мүше болу үшін өз тарапынан барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Корея Президентімен кең көлемді әңгіме

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Кореяның бұрынғы Президенті Ли Мен Бактің Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жайы қаралып, елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі аспектілері талқыланды.

Қазақстан Президенті біз­дің мемлекетіміз Корея Респуб­ли­касымен дәстүрлі тығыз ынты­мақ­тастықты жүзеге асыратынын және оны одан әрі дамытуды мақсат етіп отырғанын атап өтті.

– Бүгін елдеріміз арасында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда қар­қынды өзара іс-қимыл жүргізіліп келеді. Бұрынғы Президент Ли Мен Бакпен бірге белсенді жұ­мыс­тар жүзеге асырылды. Корея компаниялары біздің елімізде жылу-электр стансасының құры­лы­сына қатысуда. Машина жасау мен мұнай-химия салаларында бірқатар жобалар іске асуда. Сонымен қатар, экономикалық ын­тымақтастық жөніндегі үкі­мет­аралық комиссия белсене қыз­мет етуде, соның нәтижесінде ин­вестициялық портфель 8 млрд. дерлік долларды құрады. Сон­дай-ақ, тегі корейлік 120 мың Қа­зақстан азаматы елдеріміз ара­сындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жақсы дәнекер болып табылады, – деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Пак Кын Хені Корея Республикасының Пре­зиденті болып сайлануымен құттықтап, Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея Пре­зиденті шақыру үшін алғы­сын айтып, елімізге сөзсіз келетінін білдірді.

– Біз Қазақстанды алда Аста­нада ЭКСПО-2017 көрме­сін өткізетіндігімен қуана құт­тық­тағымыз келеді. Бізде, атап айт­қан­да, Есу қаласында мұндай іс-шараларды ұйымдастыру тә­жі­ри­бесі бар, біз оны бөлісуге дайынбыз, – деді Корея Республикасының Президенті.

Пак Кын Хе еліміздің қарқынды дамуында табыстарға жетудегі, зор халықаралық беделге ие болудағы және ядролық қарудан бас тарту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан рөлін атап өтті.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық, машина жасау және жоғары технологиялар салаларындағы нақты жобаларды да талқылады.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назар­баев пен Пак Кын Хе халықаралық күн тәртібіндегі және өңірлік қауіп­сіздікті нығайтудың мәселелерін қарастырды.

G-Global – жаһандық үнқатысудың үстеме құралы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте өткен «Үлкен жиырмалық» саммитінің сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік деңгейдегі маңызды шешімдерді қабылдау барысында дамушы елдердің ұстанымы іс жүзінде назарға алынбайтынын айта келіп, G-Global жобасына арнайы тоқталған еді.

«Қазақстантәріздіелдердіңдепікіріеленуіүшінбұданекіжылбұрынменіңтарапымнан G-Global жобасыбастамаретіндекөтерілді, – дедіНұрсұлтанНазарбаев. – Ол G-8-гежәне G-20-ғабаламаемес. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асырылып жатқан жаһандық үнқатысудың қосымша құралы ғана».

Қазақстан Президентінің Астана экономикалық форумында көтерген бұл бастамасы бүгінде халықаралық қоғамдастықтан, әлемге танымал саясаткерлерден, халықаралық сарапшылардан үлкен қолдау тауып отыр. «Мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік дағдарыспен күрес жөніндегі жаңа идеясын толықтай қолдаймын. Президенттің бұл ұсынысын әлем елдерінің басым көпшілігі жылы қабылдайды деп есептеймін», – деп бағалаған еді G-Global идеясы жөнінде Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл.

Бастаманың негізгі мақсаты – әлем елдерін тығырыққа тіреуге шақ тұрған әлемдік экономикал

Соңғы жаңалықтар