Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Ақмолада су тасқыны қаупі сейіліп келеді

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Арнайы құрылған штаб қызыл су қаупі жоғары өңірлерде төтенше жағдай бөлімдерін шоғырландырып, инженерлік қорғау шараларын атқаруда.

Ақмолада су тасқыны қаупі сейіліп келеді

Қазіргі таңда Атбасар, Астрахан, Зеренді аудандары жіті бақылауға алынған. Ондаған елді мекенді су басу қаупі бар. Азаматтық қорғаныс саласының мамандары Елорда маңындағы Талапкер мен Ильинка, Колутон өзенін бойлай орналасқан елді мекендерге  алаңдаушылық білдіріп отыр.

– Атбасарға келер болсақ, мұнда жағдай тұрақты. Мамандарымыз өзен аңғарын тұрақты бақылауға алған. Зеренді ауданының орман қойнауындағы қар мөлшерін ескерсек, Жабай өзеніндегі су деңгейі шекті көрсеткішіне жетуі ықтимал. Алайда, біз қалада тиісті күш пен техниканы шоғырландырдық. Бұл су басу қаупіне қарсы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Атбасарда су басу қаупі бар аумақта әлі де 450 отбасы қоныстанған. Облыс басшылығы оларды қауіпсіз аумаққа көшіру үшін 500 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеген.  Аудан орталығында төтенше жағдай бөлімдері мен арнайы техника шоғырланды. Олар әлеуметтік маңызы бар нысандарды қорғау жұмыстарын атқаруда.

– Көктемгі су тасқынына қарсы кең көлемді жұмыс атқарылды. Арнайы штаб өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Өзен жағалауларын бекіту мақсатында 50 шақырымнан астам құм бөгет төселді. Инертті заттар толтырылған қаптар әзірленді, - дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Мамандар су басу қаупі бар аумақта орналасқан үш мектепті құм толтырылған 24 мың қаппен қоршап тастады.

Өңірде карантин шаралары да қатаң сақталуда. «Атбасар – Шуйское» бағытындағы бақылау бекетінен тәулігіне 150-200-ге тарта көлік өтеді. Қалада барлығы 6 бекет орнатылған. Мамандар әр 8 сағат сайын 3 ауысыммен бақылау жүргізуде. Қазір Атбасарда 38 адам карантинге алынған. 

Сандықтау, Зеренді аудандарында да су басу қаупі әлі де бар. Бұл өңірлердегі орман ішіндегі қар ери қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10