Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Көкшетаудағы қан орталығында донорлар жетіспейді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыстық қан орталығында донорлардың жетіспеушілігі қатты сезілуде. Олардың саны екі есе азайған.

Көкшетаудағы қан орталығында донорлар жетіспейді

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін облыстық қан орталығына күніне 20-25 донор келетін. Қазіргі уақытта олардың саны 8-12 адамға  дейін қысқарды. Бүгінде орталықта қан қоры жеткілікті, бірақ, оны күнделікті толықтырып отыру қажет. Мәселенің алдын-алу үшін орталық бірқатар жұмыс атқарылуда.

– Барлық қан тобы орталықта бар. Өтінімдер уақытылы орындалады. Бірақ донорлар саны азайды. Біз барлық медициналық ұйымдардың басшыларына және кәсіпорын жетекшілеріне хат жолдадық. Өзіміздің  қызмет көлігімізбен донорларды жеткіземіз, – дейді облыстық қан орталығының бас дәрігері Ермек Мұхамедиев.

Медицина қызметкерлері азаматтардың игілікті шарадан шет қалмай, өз еріктерімен келуге  шақырады. Өйткені, сіздің  қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін.

 

Ақмола облысы