Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлерге байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы да екі бірдей аурухананы карантинге  жабуға мәжбүр болып отыр. Бүгін, 13 сәуірде Алматыда індет жұқтырғандар саны 172-ге жетті. 

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлерге байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды

Соңғы тәулікте тағы қалада 27 жаңа оқиға тіркелсе, олардың барлығы да медицина қызметкерлері.

Алматыда карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлермен байланыста болған 316 адам оқшауланғаны туралы Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

«Біз жақын байланыста болған 316 адамды оқшауладық. Мұның Алматыдағы ең үлкен клиника екенін ескеру керек. Мұнда 1000-нан аса қызметкер бар, екі бөлім бойынша 316 адам оқшауланды», - деді Бас санитар.

Алматы коронавирус жұқтырған дәрігерлерге байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды.

 

АЛМАТЫ