Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қызылорда облысы: Қазалыда төтенше жағдай тәртібі 42 рет бұзылған

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шектеу шараларына қарамастан Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзғандар саны азаймай отыр. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қызылорда облысы: Қазалыда төтенше жағдай тәртібі 42 рет бұзылған

Бүгінгі күнге дейін 6 аудан тұрғыны ұжымдық, отбасылық жиындар өткізуге жол берсе, 4 дәмхана мен тойхана, 3 азық-түлік дүкенінің иесі карантин талаптарын орындамаған. Ал, 6 тұрғын атокөлікпен еш негізсіз жүрсе, 6 азамат үйінен себепсіз шыққан. Төтенше жағдайға байланысты қойылған тосқауыл бекеттерін айналып өтпекші болған 9 тұрғын тағы бар. Қоғамдық орындарда 6 тұрғынның медициналық маска тақпай жүргендігі анықталды. Барлық талап бұзған тұрғындарға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, материалдар аудандық сотқа жолдануда.

Құқық бұзушылықтарды анықтауда аудандық полиция қызметкерлерімен қатар, арнайы құрылған мобильдік топтың мүшелері де  үлес қосуда. Олар учаскелік полиция инспекторларымен бірге азық-түлік дүкендерінің белгіленген уақытта жабылуын қадағалап, күнделікті рейдтік тексерулер жасап жатыр.

 

Қызылорда облысы