Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қызылорда облысы: Онлайн жарыста озып шықты

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі қауырт жұмыстарына қарамастан облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы саламатты өмір салтын насихаттау шараларын тұрақты ұйымдастырып келеді.

Қызылорда облысы: Онлайн жарыста озып шықты

Соның бір дәлелі  облыстық наркологиялық орталығы емделушілері арасында онлайн режімде ұйымдастырылған спорттық іс-шара болды.    

Шахмат, нарды және қол күрес бойынша ұйымдастырылған жарысқа диспансердің 2,3,4 және 6 бөлімшесінің емделушілері  қатысты.

Онлайн режимде сайыс нәтижесінде үздік шахматшы анықталды. Нарды ойынынан екі азамат озық шықты.  Ал бір ойыншы қол күрестегі ең мықты армрестлер атанды.

Шараға қатысушылар тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлерінің бірлескен бастамаларына ризашылық білдіріп,  алғыстарын жеткізді.

Жарысқа қатысқандарға марапаттар мен дипломдар табысталады.

 

Қызылорда облысы