Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қызылорда: Егіс жұмыстары кешеуілдемейді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мен көктемгі егіс барысы жайлы онлайн брифинг өткізді.

Қызылорда: Егіс жұмыстары кешеуілдемейді

Өңірде қазір 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түрінің 4299 тоннасын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 882 млн теңге қаржы бөлінген. Қоймаларда 1983 тонна өнім бар. Бұл өнімдер негізінен әлеуметтік дүкендер арқылы сатылады.

Облыс басшысының орынбасары көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын да баян етті.

Қазіргі ахуалға қарамастан егіс жұмыстары кестеден кешіктірілмей жүргізіледі. Биыл егіс жалпы көлемі 183 мың гектарға жоспарланған. Қазірдің өзінде 27 мың гектар алқапқа ерте пісетін дақылдар егілді. Осыған дейін диқандар күрішті 88 мың гектарға себеді деген жоспар болған. Бірақ биыл болуы мүмкін су тапшылығына байланысты оның көлемі өзгеруі мүмкін, – деді Бақыт Дүйсенұлы.