Кеше облысқа бір күндік жұмыс сапарымен еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов келді. Сапар барысында Үкімет басшысы облыс орталығында және Екібастұзда индустриялық жобалар аясында жұмыс жасап жатқан бірқатар өндіріс орындарымен танысты.
Кеше облысқа бір күндік жұмыс сапарымен еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов келді. Сапар барысында Үкімет басшысы облыс орталығында және Екібастұзда индустриялық жобалар аясында жұмыс жасап жатқан бірқатар өндіріс орындарымен танысты.
Серік Ахметов жұмыс сапарын облыс орталығындағы «Каустик» АҚ және «Нефтехим» АҚ өндіріс орнындарын аралаудан бастады. Химия-технология саласын өркендетуге жұмыс жасап жатқан «Каустик» АҚ болса, өндіріс орны қайта жөндеуден өткен соң хлор, каустикалық сода мен тұз қышқылын шығаруда. Кәсіпорын кезінде Батыс Сібір, Орал және Орталық Азияны химиялық өнімдермен қамтамасыз етті. Қоршаған ортаға қауіпті зауыт 1994 жылы жабылды. Каустикалық ұнтақ пен хлор алу үшін сынап қолданылып келген-ді. Кәсіпорын аумағында сынап қалдығы жиналғаны анықталып, оны залалсыздандыру жұмыстарына мемлекет қаражат бөлді. Өзгерістер уақыты өмірге жаңа технологиялар әкелді. Зауыт қайта жаңғырды. Үкімет басшысы Серік Ахметов «Каустик» АҚ-та мембранды әдіс бойынша каустикалық сода мен хлор шығарылатын негізгі цехты аралап, жұмыс барысымен танысты. Мамандардың айтуларынша, каустикалық ұнтақ және хлор өндірістері жалындаған отсыз, түтінсіз мембранды технология жүйесінде жасалады. Мембранды әдіс италиялық «Uhdenora» компаниясының құрал-жабдықтары негізінде қолданылады. Заманауи технология өнімнің сапасын арттырып, энергия үнемдейді. Жобаның құны – 16 млрд. теңге.
Осы орайда «Каустик» АҚ акционерлері құрамына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың кіретінін айта кету қажет. Бұл мәміле үстіміздегі жылғы қыркүйектің соңына қарай жүзеге асады деп жоспарланып отыр. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-тың қосылуы «Павлодар» ЕЭА аумағында «Каустик» АҚ-тың қуаты 90,000 тонна болатын хлорлы-сілті өндірісінің екінші кезегі құрылысының жобасын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Ол отандық экономиканың каустикалық содаға деген қажеттілігін 100 пайызға қамтамасыз етпек.
Облыс әкімі Ерлан Арын Серік Ахметовті облыста жүргізіліп жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жұмыстармен және еркін экономикалық аймақтың инвестициялық жобаларының барысымен таныстырды. Облысқа инвестиция тарту мүмкіндігі мол. Экономикалық аймақта жұмыс орындары ашылады, өндірісті өңірдің экспорттық әлеуеті артуда.
Премьер-Министр Серік Ахметов танысқан екінші өндіріс орны «Нефтехим» АҚ деп аталады. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна метил трет-бутил эфирін, 30 мың тонна пропилен мен полипропилен өндіреді. Биылғы жылдың маусым айында облысқа келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пропиленнен жасалатын клапанды және стандартты қапшықтар шығаратын полимер өнімі цехының қосылуына қатысқан болатын.
Ал, австриялық «Starlinger» компаниясы жеткізген қондырғы жылына 51,5 млн. клапанды және стандартты қапшықтар, 3 млн. қума метр торлы орама шығаруға мүмкіндік беруде. Серік Ахметов кәсіпорын жұмысына жоғары баға берді. Инвестиция көлемі – 3,3 млрд. теңге. Жаңа кәсіпорын өнімінің жартысын ішкі нарықта саудаламақ.
Бұдан кейін Үкімет басшысының сапары Екібастұз қаласында жалғасты. Алдымен жүк вагондарын шығарумен айналысатын Екібастұздағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-ін аралап көрді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2009-2011 жылдары кәсіпорында жүк вагондарын шығару бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жеті айда 499 жартылай вагон шығарылыпты. Кәсіпорын басшылығы Серік Ахметовке отандық вагон жасау саласындағы өндірісті тежеп тұрған отандық құйма тауар өндірушілердің жоқтығы екенін айтты. Ал, алда өндірісті әртараптандыру аясында модельдік қатарды кеңейту жоспарланып отыр. Келешекте жылына 2500 вагон шығару мүмкіндігі бар. Цехтардың ішіндегі құрастыру жұмыстарының көбі автоматтандырылып, компьютерлендірілген. Премьер-Министр Серік Ахметов болған келесі кәсіпорын – «Проммашкомплект» жеті ай ішінде 6,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріпті. «Проммашкомплект» ЖШС «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарын жоғары жол салу материалдарымен, қосалқы бөлшектермен және темір жол доңғалақтарымен қамтамасыз етіп отыр. Үкіметтің импортты алмастыру бағдарламасы орындалып, қазақстандық өнім Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбек