Осыған байланысты жүргізілген рейд барысында қаулыда көрсетілген талаптарды орындамаған 100 тұрғынның автокөліктері айыппұл алаңына қойылды. Сонымен қатар, карантин кезінде көшеде бетпердесіз жүрген 25 тұрғын да жазасыз қалмады.
Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындардан төтенше жағдай талаптарының орындалуын бақылайтын полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарап, азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ететін шектеу шараларын барынша сақтауды сұрайды.