
Жамбыл облысында жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әкім Таразидің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Неден бастасақ екен? Мерейтойдың мақаласын жаттанды сөзбен-ақ жазып шығуға болар еді, бірақ әдебиетті ардың ісі деп санайтын Әкім Тарази «әттеген-ай» деп қалса қайтпекпіз. Өйткені, өзі де кезінде «СҚ»-ның «шекпенінен» шыққан қаламгер емес пе!?.

Жамбыл облысында жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әкім Таразидің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Неден бастасақ екен? Мерейтойдың мақаласын жаттанды сөзбен-ақ жазып шығуға болар еді, бірақ әдебиетті ардың ісі деп санайтын Әкім Тарази «әттеген-ай» деп қалса қайтпекпіз. Өйткені, өзі де кезінде «СҚ»-ның «шекпенінен» шыққан қаламгер емес пе!?.
Қош, сонымен жазушы-драматург Әкім Таразидің 80 жылдық мерейтойы Жамбыл облысының орталығында өтті демесеңіз, Таразға әрісі Астанадан, берісі Алматыдан атақты ақын-жазушылардың біразы төбе көрсетті. Ортасында бүгінде тараздық атанған Шерхан Мұртаза мен Күләш Ахметова бар. Әлбетте, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай да, арқалы ақын Рафаэль Ниязбеков те, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов пен театр сыншысы Әшірбек Сығай да осы шоғырдың ішінде еді.
Мерейтой Әкім Таразидікі болғанымен, негізгі той – халықтікі. Тойға келген тондылар кеткеннен кейін айта жүрер қызық пен шыжық та ел ішінде қалады. Осыны ойлаған болуы керек, облыс әкімі Қанат Бозымбаев жазушы қуанышының «біссімілләсін» ұлттық ат спорты ойындарынан бастауды жөн көріпті. Ол ойын батыр Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда өтіп, облыстың төрт ауданының көкпаршылары өзара «кім мықты?» деген мәңгілік сауалды анықтауға кірісті. «Не бел кетер, не белбеу кетер» деп басталған көкпар бәсекесі сәске түске таянғанда мәресіне жетіп, Жамбыл ауданының көкпаршылары бас жүлдені жеңіп алды. Жамбыл ауданы – Әкім Тарази туып-өскен өңір. Қаламгер жеңімпаздарға арналған кубокты өз қолымен тапсырды. Ал облыс әкімінің орынбасары Кәрім Көкірекбаев болса осы ұлттық ат спорты ойындарын ұйымдастыруға бас болған облыс әкімінің атынан жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық ұсынды. Бұдан кейін аударыспақ, теңге ілу ойындарынан бәсеке басталып, құжынаған халық олардың да қызығы мен шыжығын өзара бөлісіп жатты.
Ат спорты демекші, осы жерде біздің есімізге Әкім Таразидың кинодраматург ретінде тәуекел еткен алғашқы туындыларының бірі «Тұлпардың ізі» фильмі оралған. Бала кезде тамашаласақ та әлі ұмытқан жоқпыз. Теңіздің суындай тұнық, мөлдір дүние еді. Бұл ойымызды той қонақтарының бірі, белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов те қолдап, осы фильмнің сценарийін де, фильмге түскен актерлерді де, фильмді түсірген режиссер Мәжит Бегалиннің еңбегін де шығармашылық ерекше сүйіспеншілікпен атап өтті. Сол кездегі ауыр тұрмыс қазір артта қалған, ел ат ұстап, бәйге жаратып, тәуелсіз елінің той-томалақтарында, міне, алыс-жақынды «ойпырайлатып» олжа салып жатыр.
Ел делік, көрермендер делік, «Қараш-Қараш» фильмін бәрі жақсы біледі. Кейбіреулер, тіпті, оның кейбір қаһармандарының сөздерін жатқа айтады. Қырғыздар түсірсе де қазақтар түсіргендей қабылдайды. Сонда дейміз-ау, сол бауырларымыз осы атақты фильмнің сценарийін жазған белгілі жазушы Әкім Тарази екенін біле ме екен? Білсе де айтпайтыны (жазбайтыны) несі? Бұл салқынқандылық, бұл сабырлылық қайдан шыққан? Той үстінде оның да жұмбағы шешілді. «Мен» деген менмендік Әкім Таразидың табиғатында жоқ екен. Өзі айтпаса, өзі мақтанбаса, «ішімдегіні өзің тап» деп томпиып жүре берсе, кімнің тілі қышып барады дейсің. Ол осы сабырлылығының «арқасында» Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жерінен бас тартып, екі рет ағаларына жол беріпті. «Қараш-Қарашты» түсірген қырғыз режиссері (Б.Шәмшиев) келіп, «Әкім аға, мына фильмді Қырғыз елінің Мемлекеттік сыйлығына ұсынайық, сіз қалай қарайсыз» десе, атақ-даңқты сұрап алудан аулақ Әкім «ойланайын» дейді. Ойланғандағы тапқаны – «фильм режиссерлерімен қосамжарланып алған Мемлекеттік сыйлықтың барынан жоғы жақсы емес пе?» дегенге саяды. Сөйтіп, одан да бас тартады. Бірақ қырғыз режиссерінің обалына қалғанын білмейді. Өйткені, оларда сценарий иесі сыйлықтан ба