Сондай-ақ сарыағаштық дайын өнімдер еліміздің солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне және алыс - жақын шетелдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта экспорт көлемі ұлғая түспек. Оған жыл басынан бері жоспарға сәйкес 140 гектар жерге тамшылатып суару тәсілінің ендірілгені, 12 гектарға жылыжай көлемінің ұлғайғаны септігін тигізері анық.
Жалпы биыл ауданда астықтан 75,0 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың, картоптан – 80,5 мың, көкөністен – 275,7 мың, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде.
Түркістан облысы