Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Алматыда 128 мың адам жұмысын жалғастырады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссия шешімімен 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бірқатар экономика секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Жұмысын жалғастыруы мүмкін секторлар туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Алматыда 128 мың адам жұмысын жалғастырады

«Алматы қаласы бойынша сәуірдің үшінші декадасында өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалар, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50%-на дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді. Нәтижесінде, Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады. Барлық шектеу талаптарының сақталатынын еске саламыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылатынын айтты.