Енді санаулы күндерден кейін Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, оның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халықаралық байқаудың қорытындысы шығарылады. Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған ЭКСПО Бүкіләлемдік көрмесінің 2017 жылы Астанада да айшықты символы тұруы керек. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы мақсатта Астанада халықаралық байқау жарияланып, онда 20-дан астам мемлекеттердің архитекторлары бәсекеге түсіп, бақ сынасуда. Арнайы құрылған техникалық кеңес байқауға келіп түскен 100-ге жуық жобаның ішінен 10 жобаны іріктеп алып, осы үздіктердің ішінен жеңімпазын анықтайтын болады. Біз оқырмандарымызды халықаралық байқауға келіп түскен жобалардың ішінен іріктеліп алынған үздік эскиз-идеялармен таныстыруды жалғастырамыз.

Халықаралық байқауға келіп түскен жобалардың ішінен іріктеліп алынған келесі бір эскиз-идея – «Болашақ энергиясының кеңістігі». Эскиз-идеяның авторы – Christopher Hoffman. Бұл эскиз-идея бойынша ЭКСПО-2017 көрмесінің жер аумағы идеясы бүкіл тіршілік өзегі күн іспетті ойластырылған орта тұста орнатылған ЭКСПО кеңістігінің мінсіз формасынан туындаған, ол болашақ энергиясы идеясын білдіреді. Осы орталық нүктеден қоршаған кеңістікке бірнеше сәуле тарайды. Сәулелердің бағытымен орналастырылған халықаралық павильондар толқынды дөңгелек шатырмен байланыстырылған және алқақотан отырған адамдар бейнесін түзеді.
«Болашақ энергиясы кеңістігінің» сатылы орталық тұғыры — ЭКСПО-Террассалар — бүкіл ЭКСПО бойынша қоғамдық кездесулер орны болады. ЭКСПО шеңберіндегі көрме алаңдары әрқайсысы 2 деңгейден тұратын 16 негізгі павильоннан құралады. Павильондар кең ЭКСПО-галерея арқылы жалғасады, бұл тамаша бағыттарды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қосымша көрме орындарын орналастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық павильондардың барлығы да осындай болады, 2-ші үлгілері болмайды. Көрмеге келушілер тамашалайтын әртүрлі көрмелер мен павильондардың араларындағы жиі орналасқан өтпелі аумақтарда қызмет көрсету нысандары, мейрамханалар орналасады.
Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары тек үлкен әсер беретін терең мағынаға ғана ие емес, сонымен қатар, жаңа кезеңнің – 3-ші индустриялық революция дәуірінің басталуының нысаны ретіндегі Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің асқақ мақсаттарын меңзейді.
Астана ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиясы — адамзат алдында тұрған ең іргелі мәселелерді шешу жолы» атты тақырыбына сәйкес ұсынылып отырған «Болашақ энергияның кеңістігі» «Болашақ әлем үшін жасалатын интернет-энергиясының – Жаңа энергетикалық инфрақұрылымын» айшықтайды.
Келесі эскиз-идея – «Желгігүл» мұнарасы. Оның авторы – Manfredi Nicoletti. Астана ЭКСПО-2017 — бұл халықаралық көрмелер тарихындағы жаңа кезең. Сондықтан Лондон қаласында өткен «ЭКСПО-1851» және Парижде өткен «ЭКСПО-1900» сияқты, «Астана ЭКСПО-2017» архитектурасында тарихта тұңғыш рет болашақ энергиясына негізделген 3-ші өнеркәсіптік революция қағидалары іске асырылатын болды.
Астана ЭКСПО орталығы тұтастай үлкен биоклиматтық күмбездің астында орналасатын жалпы ауданы шамамен 25 га болатын әлемдегі ең ірі қалашық болмақ. 1851 жылы Лондонда өткен ЭКСПО көрмесі орталығының символына айналған –Хрусталь сарай бірінші өнеркәсіптік революция мүмкін еткен технологиялардың ең жоғары