2013 жылғы 13 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін.
1-тармақтың 2), 2-1) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы №236 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, № 8 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы:
ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге