Руханият • 14 Сәуір, 2020

Қаһарманға құрмет

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас қаладан Бурабай бағытына қарай жүргенде шамасы 80-90 шақырым жерде сол жағында Еңбек атты елді мекен қалады. Сол жерден талай өтіп жүргенде өзіммен бірге келе жатқан жолаушылардан «бұл кімнің ауылы» деп сұраймын. Сонда көпшілігінен «білмейміз» деген жауап аламын. Содан атақты жерлесіміздің кіндік қаны тамған елді мекенді елге таныстырудың қандай жолы бар деген ой келді.

Қаһарманға құрмет

Ол – Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш Халық Қаһарманы, еліміздің тұң­ғыш Қорғаныс минис­трі, Армия генералы Сағадат Қо­жахметұлы Нұрма­ғам­бетов. Бұл ой бұдан бір жылдай бұрын келді. Үл­кен тас жолдың бойына бил­борд қою керек. Ауыл­ды ба­тырдың атына сай болатындай жағдайға келтіру қажет. Бұл үшін мәдениет үйін күрделі жөн­деуден өткізіп, алдына ескерткішін қойып, музей ашу керек. Орта мектепке қаһарманның есімін берген дұрыс болар еді. Бі­рақ осы мекеме де күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Оған қомақты қаржы қажет. «Іздегенге – сұраған» дегендей Қазақстанда С.Қ.Нұр­мағамбетов атындағы ха­лық­аралық қор бар еке­нін білдім. Қордың пре­зи­­­денті Махмут Нілібаев мыр­­­­заға жолықтым. Ол кісі қол­дайтынын және мүм­кіндігінше көмек­тесе­тінін айт­ты. Бұл қордың өкілі Қа­ли Қамбаров екеуміз сол елге барып, ауыл әкі­мі Са­ғындық Абаханов үшеуміз ауылды көркейту туралы жоспар жасап, аудан әкімінің келісімін алып, облыс әкіміне шықтық. Об­лыс әкімі мәдениет үйі мен мектепті күрделі жөндеуге қаржы бөліп, бұл істі қан­дай құрылыс ұйымы орындайтыны анықталуда екен. Таяу­­да Ақкөл ауданының әкім­дігінде билборд орна­ту, музей ашу, мектепке ба­­тырдың есімін беру, бюст жасау т.б. мәселелер қа­ралып, әрбір салаға тап­сырма берілді. Ұлы Же­ңіс­тің 75 жылдығына жә­не «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасына сәйкес ақ­көлдіктер, оның ішінде Ең­бек ауылы 2020 жылды С.Қ.Нұрмағамбетов жы­лы деп атап отыр. Бұл ер­дің аруа­ғына елінің көр­сеткен құрметі және онымен қоса өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосылған зор үлес дер едік.

 

Еркін ДӘУЕШОВ,

Ақкөл ауданының құрметті азаматы

 

Ақмола облысы