Әрине дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне жұмысына қарай үстемеақы төлеу туралы Президенттің тапсырмасы бізді жігерлендірді. Алғыс айтамыз. Қазір «Қауіптілігі аса жоғары» санатына жататын реанимация бөлімшелері мен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 20 есе үстемеақы төленеді. Яғни, медицина қызметкерінің айлық табысы 850 мың теңгеге дейін жетеді. Ал «Қауіптілігі жоғары» санатқа кіретін провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 10 орташа айлық табыс көлемінде белгіленіп, оларға берілетін еңбекақы 425 мың теңге шамасында болмақ. Сондай-ақ «Қауіптілігі орташа» санаттағы карантиндік стационар дәрігерлері мен орта, кіші медицина қызметкерлері, санитар-дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне де 5 есе үстеме төленіп, айлық табыстары 212,5 мың теңгені құрамақ.
Махамбет АБДУЛЛАЕВ,
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының инфекционист-дәрігері